Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ДДСҰ бүкіл әлемдегі жұмыс берушілерге үндеу жасады

ДДСҰ бүкіл әлемдегі жұмыс берушілерге үндеу жасады

Фото: pixabay.com
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымы аптап ыстықта қызметкерлердің денсаулығын сақтау үшін бүкіл әлемдегі жұмыс берушілерді еңбек жағдайын өзгертуге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ДДСҰ мәліметінше дүниежүзінде 2,4 миллиардтан астам адам қатты ыстықта жұмыс істейді. Салдарынан өндірістік жарақат артып, ауру-сырқау көбейген және өмір сүру сапасы нашарлаған.

Жұмысшыларды қатты ыстықтан қорғау – денсаулық сақтау саласының бірінші кезектегі міндеті ғана емес, сонымен қатар экономикалық қажеттілік, - деді Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) бас хатшысының орынбасары Ко Барретт.

ДДСҰ мен ДМҰ 20-дан астан әрбір градус еңбек өнімділігін 2-3%-ға төмендететінін және қызметкерлердің денсаулығына қауіпті күшейтетінін анықтады.

Оның мынадай салдары болуы мүмкін:

ыстық өту;
ағзаның сусыздануы;
бүйрек функциясының бұзылуы;
неврологиялық бұзылыс.
Жылына 22,85 миллионнан астам ыстықпен байланысты өндірістік жарақат тіркеледі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы үкіметтерге, жұмыс берушілерге және денсаулық сақтау органдарына аптап ыстықта денсаулық пен еңбек қауіпсіздігін қорғау саясатын әзірлеуді ұсынып отыр. Сондай-ақ халықтың осал топтарына назар аударуға, құтқарушыларды, дәрігерлер мен менеджерлерді ыстық өтудің белгілерін тануға үйретуге және осы саладағы зерттеулер мен бағалауды қолдауға шақырды.
24 тамыз 2025 ж. 121 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031