Мектептердегі жөндеу жұмыстарына кезекті рет партиялық бақылау жүргізілді

№234 мектептегі күрделі жөндеу жұмыстары биыл сәуір айында басталған. Мердігер ұйым «Конструктив LTD» ЖШС. Мұнда шатыр ауыстырылып, қасбеті жаңартылды. Сондай-ақ электр желілері мен жарықтандыру жүйесі толықтай жаңаланып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілген, бірқатар бөлмелерге кафель төселген. Қазіргі таңда есіктерді ауыстыру, линолеум төсеу, қабырғаларды бояу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Ал №216 мектептегі ағымдағы жөндеу жұмыстарына сәйкес бүгінгі күнге дейін оқу ордасының шатыры мен терезелері толық ауыстырылды. Сонымен қатар мектеп жабындылары жөнделіп, жарықтандыру жүйесі жаңартылды. Қазір қасбетін әрлеу және есік блоктарын орнату жұмыстары атқарылып жатыр.
Бақылау жұмыстарына аудандық мәслихат депутаттары, аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Сарабеков, комиссия мүшелері Арғын Орымбаев, Ардақ Кәдір және Есет Табынбаев қатысты.
Өз кезегінде партия өкілдері мердігер мекемелердің жұмыс қарқынына қатысты ұсыныстарын білдіріп, сапаға айрықша мән беру қажеттігін атап өтті. Барлық құрылыс жұмыстары жаңа оқу жылына дейін толық аяқталуы тиіс екендігін жеткізді.
#AMANAT
#KPK