Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясы мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарын көрді

Партиялық бақылау комиссиясы мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарын көрді

Бүгін аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясы Ж.Жабаев атындағы №234 орта мектебінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Оған аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйуебаев, партия филиалының Атқарушы хатшысы, комиссия мүшесі Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат депутаты, комиссия мүшесі Күншығар Әбілов және аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов қатысты.

Биылғы сәуір айында басталған жөндеу жұмыстары аясында ғимараттың шатыры толықтай жаңартылып, сыртқы қасбеті заманауи құрылыс материалдарымен қайта қапталуда. Сондай-ақ ішкі бөлмелердегі электр жүйесі толығымен ауыстырылып, жарықтандыру жүйесі жаңартылуда. Қауіпсіздік жүйесі де заманауи талаптарға сай жетілдірілмек.

Сонымен қатар ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, қабырғалар сыланып, боялуда. Кейбір бөлмелер мен дәліздерге сапалы кафель плиталар төселсе, басқа бөліктеріне линолеум жабындысы қолданылды.

Комиссия мүшелері мердігер мекеме «Конструктив LTD» ЖШС өкіліне құрылыс барысына қатысты сауалдарын қойып, өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Олар нысанның сапалы әрі белгіленген мерзімде пайдалануға берілуінің маңыздылығын ерекше атап өтті.

#AMANAT
11 шілде 2025 ж. 332 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031