Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде кімдердің жалақысы екі есе өскені белгілі болды

Елімізде кімдердің жалақысы екі есе өскені белгілі болды

Фото: istockphoto
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл туралы ведомство baq.kz редакцияның ресми сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Министрліктің мәліметінше, 2020-2023 жылдары білім беру ұйымдары педагогтерінің, 2021-2023 жылдары медицина және әлеуметтік қамсыздандыру саласы қызметкерлерінің жалақысы екі есеге өсті.

2022 жылдан бастап бюджет саласының өзге санаттағы қызметкерлерінің – есепшілер, кітапханашылар, орманшылар, жүргізушілер, тазалаушылар, күзетшілер және т.б. мамандардың жалақысы 2025 жылға дейін жыл сайын орта есеппен 20%-ға өсіп отыр. Нәтижесінде төрт жыл ішінде олардың да еңбекақысы екі есеге артты, - делінген ресми жауапта.

Сонымен қатар 2022 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдарға өз қаражаты есебінен бюджет саласы қызметкерлеріне ынталандыру үстемақыларын белгілеу құқығы берілді. Бұл шара өңірлерде жалақыны қосымша арттыруға мүмкіндік береді.

Ал жеке меншік ұйымдардағы жалақы мөлшері жұмыс берушінің ішкі еңбек ақы жүйесіне сай анықталады. Мұндай кәсіпорындарда жалақыны көтеру ұжымдық келіссөздер мен жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы шарттар арқылы жүзеге асырылады.


18 тамыз 2025 ж. 224 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 120

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 128

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 107

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930