Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 1,8 миллион жұмысшының жалақысы көбейеді

Қазақстанда 1,8 миллион жұмысшының жалақысы көбейеді

Президент тапсырмасына сәйкес, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін артады.
Нәтижесінде, жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмысшының, оның ішінде 350 мыңға жуық бюджеттік сала қызметкерінің табысы ұлғаяды. Бұл туралы aikyn.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне сілтеме жасап хабарлайды.
Ең төменгі жалақы – қатардағы, біліктілігі жоқ жұмысшыға ақшалай төлемдерді анықтауға арналған ең төменгі еңбек стандарты. Бұл ретте жұмыскердің жалақысы оның біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, саны мен сапасына қарай төленеді.
Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап Қазақстанда азаматтық қызметшілердің жалақысы артты.
Мәселен, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2020-2023 жылдар аралығында жыл сайын шамамен 600 мың педагогтың жалақысын 25%-ға кезең-кезеңімен арттыру басталды. Нәтижесінде, олардың жалақысы 2 есе артады.
2021-2023 жылдары мемлекеттік мекемелерде және коммуналдық кәсіпорындарда жұмыс істейтін 6 мыңға жуық медицина қызметкерінің, оның ішінде, дәрігерлердің жалақысы 30%-ға, орта медициналық персоналдың жалақысы жыл сайын 20%-ға көтеріледі.
2021 жылы әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 38 мың қызметкердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталды. Нәтижесінде, үш жыл ішінде (2021 жылдан 2023 жылға дейін) олардың жалақысы 2 есеге ұлғаяды.
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының (шамамен 600 мың) жалақысын 2022-2025 жылдар кезеңінде жыл сайын орта есеппен 20%-ға кезең-кезеңімен арттыру басталды. Нәтижесінде, 4 жыл ішінде олардың жалақысы 2 есе артады.
Министрлік жұмыскерлердің жалақысын көтеру бойынша жеке кәсіпорындармен түсіндіру жұмысын жүргізді. Нәтижесінде, биылдан бастап 8 мың жұмыс беруші 2,8 млн қызметкердің жалақысын 5-тен 50%-ға дейін арттыру туралы шешім қабылдады.
06 қыркүйек 2023 ж. 123 0

Бұлқынған бойда бұла күш

17 қыркүйек 2024 ж. 17

Ызғарлы түн

17 қыркүйек 2024 ж. 11

Шешімін тапқан шаруа көп

17 қыркүйек 2024 ж. 15

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30