Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда көліктерге түрлі түсті қауіпсіздік белдігін орнату тәртібі енгізілуі мүмкін

Қазақстанда көліктерге түрлі түсті қауіпсіздік белдігін орнату тәртібі енгізілуі мүмкін

Бұл ереже ЕАЭО-ға мүше барлық елге әсер етуі мүмкін
Фото:
freepik.com; ЖИ көмегімен жасалды
Көлік құралдарының қауіпсіздігі жөніндегі техникалық регламентке қауіпсіздік белдіктерінің міндетті түрде контраст түсте болуы туралы талап енгізілуі мүмкін. Бұл ЕАЭО-ға мүше барлық елге әсер етеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Kolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Ресей ІІМ мамандары техникалық регламентке қауіпсіздік белдіктерінің арнайы түстерін міндетті түрде қолдану талабын бекіту жөнінде ұсыныс қамтылған ақпараттық-талдамалық шолу әзірледі. Бұл шара жүргізушілердің белдік тақпауына байланысты құқықбұзушылықтарды азайтуға бағытталған.
Ведомствоның мәлімдеуінше, кейде белдіктің түсі киімнің түсімен қабысып кеткенде, оның тағылғанын бейнекамера арқылы анықтау қиынға соғады.
«Бұл мәселені шешудің жолы – қауіпсіздік белдігін, мысалы, ақ-қара түсте және жарық қайтаратын элементтері бар контраст түспен жасау болуы мүмкін», – делінген ІІМ шолуында.
Бұдан бөлек, құжатта өндірушілерге көліктерді белдіктің ұзындығын өлшейтін датчиктермен, тұрақты дыбыстық белгі беретін және барлық жолаушыға белдіктің тағылмағаны туралы визуалды ақпарат көрсететін жүйелермен жабдықтау міндетін жүктеу ұсынылған. Сондай-ақ ІІМ белдіктің тағылмағаны туралы дабылды өшіретін арнайы тығындарды сатуға тыйым салуды ұсынды.
Өзгерістерді Ресей тарапы ұсынғанына қарамастан, олар қабылданған жағдайда жаңа талаптар Қазақстанда да қолданылады, себебі техникалық регламент ЕАЭО-ның бүкіл аумағын қамтиды.
14 тамыз 2025 ж. 214 0

Балалықтың тәтті бояуы

14 тамыз 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031