Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәрмеңке – жастарға жәрдем

Жәрмеңке – жастарға жәрдем

Жастар күні аясындағы іс-шаралар легі мәресіне таяп қалды. Бүгінге дейін ауданда бірқатар мазмұнды әрі мағыналы іс-шаралар ұйымдастырылды. Жастардың белсенділігін арттыруға, олардың шығармашылығы мен әлеуетін қолдауға бағытталған бастамалар да апта бойы жалғасты.
Мерекелік шаралар аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар мен танымдық кездесулер өтті. Әсіресе "Жастар – ел ертеңі" атты мүмкіндіктер алаңы жастарға өз бағытын айқындап, кәсіби кеңес алып, нақты жұмыс табуға үлкен мүмкіндік берді.
Шара Қазалы мәдени демалыс кешенінде өтіп, онда әртүрлі мекемелер мен кәсіпорындар өз ұсыныстарын таныстырды. Жәрмеңке барысында қатысушылар нақты жұмыс орындары жайлы ақпарат алып, тікелей жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, мамандар тарапынан кәсіби кеңес беру қызметі де ұсынылды.
Бұл бастама – жастарды еңбекке тарту, жұмыссыздықты азайту және еңбек нарығындағы белсенділікті арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі.
Бекзат АСАН

12 тамыз 2025 ж. 348 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031