Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар күні – жарқын істердің бастауы

Жастар күні – жарқын істердің бастауы

Жыл сайын 12 тамызда әлем Халықаралық Жастар күнін атап өтеді. Бұл күн – жастардың қоғамдағы орны мен рөлін арттыруға, олардың мәселелеріне назар аударуға бағытталған маңызды дата. БҰҰ бекіткен бұл күннің басты мақсаты – жастарды қолдау, олардың дамуына жағдай жасау және белсенділігін арттыру.
Атаулы күнге орай арнайы онкүндік шаралар жоспары құрылып, бұл туралы аудан әкімінің баспасөз орталығында өткен брифингте таныстырылды. Аудан көлемінде 4-12 тамыз аралығында өтетін жастар онкүндігі аясында 20-дан астам іс-шара жоспарланған. Оның ішінде экологиялық акциялар, мәдени бастамалар, бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, құқықтық түсіндіру жұмыстары, қайырымдылық пен еріктілік жобалары бар. Бұл туралы Қазалы аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрбек Ақпанбетов мәлімдеді.
Онкүндік әр күні белгілі бір тақырыпқа арналған іс-шаралармен ерекшеленеді. «Жастар және тазалық», «Жастар және денсаулық», «Жастар және білім», «Жастар және еріктілік», «Жастар және заң мен тәртіп», «Жастар және адал еңбек», «Жастар және достық», «Жастар және Абай», «Жастар және дәстүр» секілді бағыттар бойынша жастарға арналған мәдени, спорттық, танымдық және қоғамдық іс-шаралар өтеді. Бұл шаралар жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуын, экологияға, мәдениетке, құқықтық сауаттылыққа және рухани құндылықтарға деген санасын арттыруға бағытталған.
Аудан әкімдігі мен жастар ресурстық орталығы ауылдық округтерде де осындай шараларды ұйымдастыруға ерекше назар аударуда. Онкүндік барысында жастардың өз әлеуетін танытуы, қоғамдық бастамаларға қатысуы, салауатты өмір салтын ұстануы үшін қолайлы жағдайлар жасалмақ.
Нұрбек Нысанбекұлының айтуынша, онкүндіктің басты мақсаты – жас буынды отансүйгіштікке, жауапкершілікке, білім мен денсаулыққа, адал еңбекке және достыққа баулу. Сонымен бірге бұл шаралар арқылы жастар арасында патриоттық рухты қалыптастыру, олардың қоғамдық белсенділігін арттыру, құқықтық сауаттылықтарын көтеру және экологиялық мәселелерге назар аудару көзделіп отыр.
– Жастар – еліміздің қозғаушы күші. Сондықтан олардың әлеуетін арттыру мен белсенділігін дамыту – басты мақсатымыз. Мереке аясында әр салада өзіндік орны бар жастарға қолдау көрсетіп, ел ертеңіне сеніммен қарайтын буын қалыптастыруды көздейміз, – деді орталық басшысы.
Брифинг қорытындысында жастарға арналған мерекелік кеш, марапаттау рәсімдері мен мотивациялық кездесулер өтетіні мәлім болды. Бұл шаралар жастарды жігерлендіріп, олардың қоғамдағы белсенді рөлін айқындай түспек. Алда өткізілетін атаулы датадағы онкүндік жастардың жадында жарқын болашаққа жетелейтін маңызды бастама ретінде есте қалары анық.
Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
05 тамыз 2025 ж. 135 0

Жеті қырлы, бір сырлы

05 тамыз 2025 ж. 160

Экономикада серпін бар

05 тамыз 2025 ж. 132

Сәтімен өткен сенбілік

05 тамыз 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031