Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда тұрғын үйді міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін

Қазақстанда тұрғын үйді міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін

Қазақстанда тұрғын үйді міндетті сақтандыру жүйесі енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Айтуынша, қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта біз ведомстволық министрлікпен жұмыс істеп жатырмыз. Мемлекеттік сақтандыру компаниясы құрылады. Бюджеттегі реттеуші – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, - деп түсіндірді вице-премьер.
Ал болжалды мөлшерлемелер туралы айтуға әлі ерте.
Өйткені біз әлі жылжымайтын мүліктің құнын бағалауымыз керек. Сақтандыру жарнасы бойынша алыстағы ауылдағы үй мен Алматы немесе Астанадағы зәулім вилланы яки коттеджді салыстыруға келмейтіні сөзсіз. Сондықтан түрлі мөлшерлеме болатыны түсінікті, - деді Қанат Бозымбаев.
Айта кетерлігі, мемлекетте апатты резерв болғанымен, ауқымды ескеру керек. Спикердің сөзінше, тұрғын үйді сақтандыру нормасы келесі жылы енгізілуі әбден мүмкін. Ол табиғи апаттар орын алу ықтималдылығы жоғары өңір тұрғындары үшін міндетті болады.
07 тамыз 2025 ж. 307 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 14

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031