Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда суицидке бейім 500-ге жуық сарбаз әскерден босатылды

Қазақстанда суицидке бейім 500-ге жуық сарбаз әскерден босатылды

Әдістеме кезең-кезеңімен барлық өңірлерде енгізіледі.
Фото: ҚР Қорғаныс МинистрлігіФото: ҚР Қорғаныс Министрлігі
Биылғы әскерге шақыру науқанында Қазақстанда 470 шақырылушыда суицидке бейімділік анықталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп хабаралйды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әскерге шақырылушылардың психологиялық ауытқуларын анықтауға үкімет тапсырмасымен әскери психологтар әзірлеген Psy-risk әдістемесі көмектесті. Аталған азаматтардың бір бөлігі әскерден босатылып, енді бір бөлігі қосымша тексеруге жіберілді.
“Жаңа жүйе – көпсатылы психодиагностика механизмі. Ол бастапқы скринингтен, тереңдетілген психологиялық тексеруден және қажет болған жағдайда психиатриялық сараптамадан тұрады. Басты мақсат – психоэмоционалдық тұрақтылығы жеткіліксіз азаматтарды Қарулы күштер қатарына шақырмау”, – делінген хабарламада.
Әдістеме кезең-кезеңімен барлық өңірлерде енгізіледі.
“Біз тек психологиялық тұрғыда тұрақсыздарды анықтаумен шектелмейміз. Мақсат – болашақ әскери бөлімдердің ұжымдарын ықтимал қауіп-қатерден қорғау. Бұл – денсаулық, өмір және бөлімдердегі моральдық ахуал мәселесі”, – деді Қорғаныс министрлігінің психологиялық және әлеуметтік жұмыс басқармасының бастығы, подполковник Арман Қалышев.

06 тамыз 2025 ж. 233 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930