«Қазақстан Аруы – 2024» Бағым Балтабаева отандық өнімді қолдайды

Центелла қосылған тонер
«Тонер – мен үшін түсірілім мен макияж алдындағы нағыз must-have. Ол теріні тамаша ылғалдандырып, тыныштандырады әрі табиғи жарқыл береді», – дейді Бағым.
Тонердің ерекшелігі – постакне іздерін азайтып, күйзелістен кейін теріні қалпына келтіруге көмектеседі. Әсіресе белсенді бөртулер кезінде Бағым оны бірнеше қабаттап жағады – бұл тәсіл тыныштандыратын компоненттердің теріге терең енуіне мүмкіндік береді.
Сұлулық ханшасынан кеңес: «Жақында ыстық демалыстан кейін күнге қатты күйіп қалдым. Ешқандай майлар мен дәріханалық құралдар көмектеспеді – тек SPFпен тонер шын мәнінде әсер етті:ауырсынуды жеңілдетіп, терінің тез жазылуына көмектесті».
Тазартқыш шербет
Бағымның кешкі күтімі жұмсақ шербетпен басталады. Бұл құрал теріге тигенде еріп, макияж бен кірді нәзік кетіреді.
«Ол сондай дәмді әрі қымбат иіс шығарады – түсірілімнен кейін шаршаған күннің өзінде жуынуға асығамын», – деп күлімдейді ол.
Шербет оңай жағылады, тіпті тұрақты макияжды да ерітіп, теріні жұмсақ әрі нәрлі қалдырады. Ең бастысы – тітіркендірмейді және құрғатпайды. Бұл құрал тері күтімін ләззатпен бастауға көмектеседі.
Бет жууға арналған көбік
Шербеттен кейін Бағым жұмсақ тазарту көбігін қолданады. Бұл–қос сатылы тазартудың екінші кезеңі. Өнім макияж қалдығы мен майды тиімді кетіреді, тері тосқауылын бұзбайды.
«Маған “сықырлау” болмаса болғаны. Өнім жақсы тазалап, теріні құрғатып жібермеуі маңызды. Мен қолданатын көбік дәл осыны орындайды», – дейді ол.
Көбік құрылымы – қою, нәзік әрі жағуға өте жағымды. Ол тіпті құрғақтық пен қызаруға бейім теріге де қолайлы. Бағым бұл өнімді терінің тартылу сезімінсіз тазалайтыны үшін бағалайды.
С витамині қосылған сарысу
С витаминімен байытылған сарысу – Бағымның таңғыі күтіміндегі жарқырау көзі.
«Тонерден кейін С витамині бар сарысу қолданамын. Ол теріні қосымша нәрлендіріп, постакне іздерін жояды. Үнемі қолдансам, бірден айырмашылықты көремін. Тері жарқырап, сергек болады, ал суретке түссең – фильтр де, ретушь та қажет емес», – дейді ол.
Сарысу тек тері түсін теңестіріп қана қоймай, қылтамырларды нығайтып, серпімділікті арттырады. Бұл – белсенді өмір салтын ұстанатын, тығыз кестемен жүретін арулар үшін таптырмас құрал.
Күннен қорғайтын крем
Бағымның күнделікті күтіміндегі соңғы әрі міндетті қадам – SPF. Ол жылдар бойы сенім білдірген сүйіктіөнімін белсенді қолданады.
«SPF-ті үнемі қолданамын – әсіресе жазғы ыстық күндерде, теріге максималды қорғаныс қажет кезде көмектеседі. Ол теріні ағартпайды, жағылуы ыңғайлы және макияж үстіне мінсіз жатады», – деп бөліседі ол.
Кремнің текстурасы жағымды, қорғаныс деңгейі жоғары. Ол түсірілімге, саяхатқа, күнделікті қала өміріне де жарайды. Бағымның айтуынша, бұл SPF сезімтал тері сынағынан да сүрінбей өтті – қышу да, тітіркену де жоқ, тек жайлылық пен қорғаныс.
Құндылықпен үйлескен күтім
Бағымның пікірінше, сұлулық – тек сыртқы келбет емес, ол – сана мен жауапкершілік. Косметика таңдауда ол тек нәтиже емес, сонымен қатар құндылықтарға да мән береді.
«Мен әрқашан өнімнің құрамына және оның қайдан шыққанына қараймын. Тері сезімтал болғандықтан, тек гипоаллергенді формулаларды таңдаймын. Мен үшін ең бастысы –өнім жануарлармен сыналмаған болуы керек. Күнделікті күтімде әртүрлі өнімдерді қолданамын, бірақ отандық өнімді де әрқашан қолдауға дайынмын. Бұл –менің жеке қағидам», – дейді ол.
Бағымның өзін күтуі – оның өзіне, айналасына және өз миссиясына деген көзқарасының айнасы. «Miss Qazaqstan» атағы – бұл тек тәж емес, бұл – жас қыздарға өз сұлулығын сүюде, өз-өзіне адал болуда және өмірлік құндылықтарды құрметтеуде үлгі болу жауапкершілігі.
Құралай ҚҰРМАН