Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық оқушылар информатикадан халықаралық олимпиадада төрт медаль олжалады

Қазақстандық оқушылар информатикадан халықаралық олимпиадада төрт медаль олжалады

© Пресс-служба Министерства просвещения Казахстана
Оқушылар арасындағы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадалар аяқталды. Боливияның Сукре қаласында информатика пәнінен IOI-2025 халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үздік нәтижеге қол жеткізіп, үш күміс, бір қола қанжығалады. Олар:
Максим Цой — Алматы қаласындағы РФММ-ның 11-сынып оқушысы;
Мансур Мамадахунов, —Қызылорда облысы "Білім-инновация" лицейінің 10-сынып оқушысы;
Әкежан Асқар — Семей қаласындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы;
Даужан Бекетов — Алматы қаласының №165 мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы.
Құрама жетекшілері - Astana IT University-дің бас жаттықтырушысы Темірлан Сатылханов және Алматы IITU университетінің спорттық бағдарламалау бойынша жаттықтырушысы Айбар Қуанышбай.
Айта кетейік, Информатикадан халықаралық олимпиада (IOI) алғаш рет 1989 жылы Болгарияда өткізілді. Ұлттық құрама бұл беделді жарысқа 1998 жылдан бастап тұрақты түрде қатысып келеді. Осы уақыт аралығында қазақстандық оқушылар барлығы 75 медаль жеңіп алды.
04 тамыз 2025 ж. 297 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031