Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанға оралған қандастар: есеп және қолдау шаралары

Қазақстанға оралған қандастар: есеп және қолдау шаралары

2025 жылдың алғашқы жартысында 6755 этникалық қазақ тарихи отанымен қауышып, Қазақстан азаматтығын алды. Жалпы алғанда, 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 154,8 мың этникалық қазақ оралды. Бұл өз ретінде ел демографиясына елеулі үлес қосып келеді.
Көші-қон географиясы бойынша осы жылдың басынан бастап, Қазақстанға келген қандастардың басым бөлігі көрші елдерден: 45,1% – Қытайдан (шамамен 3047 адам), 41,7% – Өзбекстаннан (шамамен 2817 адам), 5,4% – Түрікменстаннан (шамамен 365 адам), 2,8% – Моңғолиядан (шамамен 189 адам), 2,4% – Ресейден (шамамен 162 адам) және 2,6% – басқа елдерден (шамамен 175 адам) келген.
Қандастардың әлеуметтік портретіне мән берсек, биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша оралған қандастардың құрылымы: 59,8% – еңбекке қабілетті жастағылар, 31% – еңбекке қабілетті жастан кіші балалар мен жасөспірімдер, 9,2% – зейнеткерлер екендігі анықталды. Елге оралған 6755 қандасты шамамен адам санына шаққанда, еңбекке қабілеттілер – 4041, жасөскіндер – 2094 және егде жастағылар – 620 адамды құрап тұр.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың білім деңгейі де әртүрлі. Атап айтқанда, 16% – жоғары білімді, 27,1% – орта кәсіби білімді, 54,6% – жалпы орта білімді, 2,3% – білімі жоқ. Осы 4041 қандастың 647-сі жоғары білімді, 1095-сі орта кәсіби білімін алса, 2209-ында жалпы орта білімі бар. Ал 90 адамның білімі жоқ екендігі есепке алынды.
Қоныстандыру кезінде елге оралған қандастарға бар жағдай жасалып, жан-жақты мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне орналастырылуда. Әсіресе жұмыс күші тапшы Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Атырау, Батыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары қандастарды қабылдауға белсенділік танытуда.
2025 жылға арналған қоныстандыру квотасы 2309 адамды құрайды. 1 шілдеге дейін бұл өңірлерге 1092 қандас қоныс аударған.
Көшуге субсидия: отбасы басшысына және әрбір мүшесіне бір мезгілде 70 АЕК (275,2 мың теңге) мөлшерінде беріледі.
Тұрғын үй жалдау және коммуналдық қызметтерге төлем: бір жыл ішінде ай сайын 15-тен 30 АЕК-ке дейін (59 мыңнан 118 мың теңгеге дейін) төленеді.
Жыл басынан бері 494 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді, оның ішінде 188 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру үшін солтүстік өңірлерге көшетін азаматтарды жұмысқа орналастыратын жұмыс берушілерді қолдауға бағытталған институционалдық шаралар қабылданды. Экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізілді. Ол тұрғын үй сатып алуға, салуға немесе ипотекалық несиелердің бастапқы жарнасын жабуға үй құнының 50 пайызына дейін немесе бір отбасына 4,56 миллион теңгеге дейін біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз көмек береді.
Қазақстан өз тарихи отанына оралған ағайындарды қолдау арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, демографиялық әлеуетін арттыруды жалғастырады деген үміт зор.

А. ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ
02 тамыз 2025 ж. 127 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031