Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақстан халқына» қоры 500 білім грантын бөлді

«Қазақстан халқына» қоры 500 білім грантын бөлді

Айта кетейік, бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.
Фото: PixabayФото: Pixabay

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
2025-2026 оқу жылында "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры "Қазақстан халқына" ҚҚ Білім беру гранттары" қайырымдылық бағдарламасы аясында талапкерлерге жоғары оқу орындарында оқуға 500 білім беру грантын бөлді.
Бағдарлама шарты негізінде білім беру грантына мынадай санаттағы талапкерлер үміткер бола алады:
1) ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар;
2) жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
3) мүгедектігі бар азаматтар;
4) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар;
5) 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
6) 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жарақат алған балалар.
Айта кетейік, бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.
Білім беру гранты бір реттік тәртіппен атаулы грант негізінде ұсынылады. Бұл грант жоғары білімі бар тұлғаларға, сондай-ақ республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен "бакалавр" дәрежесін алу үшін мемлекеттік білім беру гранты тағайындалған тұлғаларға екінші жоғары білім алуға және онлайн-оқуға берілмейді.
Грант тағайындалатын үміткерлердің тізімін ЖЖОКБҰ/Филиал ағымдағы күнтізбелік жылы ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша оқуға түсу үшін қажетті шекті балын жинаған (оның ішінде шығармашылық емтихандарды ескере отырып) талапкерлер қатарынан құрайды. Тізім жоғары оқу орнының немесе Филиалдың конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасы түрінде рәсімделеді.
ЖОО тізімі, грант саны және іске асыру жоспары бойынша толық мағлұматпен "Қазақстан халқына" ҚҚ ресми сайтында qazaqstanhalqyna.kz таныса аласыздар.

31 шілде 2025 ж. 281 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031