Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аттракциондар бақылаусыз жұмыс істейді: Халықтың қауіпсіздігіне кім жауапты?

Аттракциондар бақылаусыз жұмыс істейді: Халықтың қауіпсіздігіне кім жауапты?

Еліміздегі ойын-сауық аттракциондардың қауіпсіздігіне қатысты қоғамда алаңдаушылық артып келеді.
Фото: pinterest.com
Жуырда Алматыда 11 жастағы қыз бала аттракционнан кейін ауыр жарақат алып, бас сүйек-ми жарақатын алған. Өкінішке орай бұл жалғыз оқиға емес. Соңғы жылдары мұндай жағдайлар бірнеше рет тіркелген. Caravan.kz медиа порталы жалғастырады.

Аталмыш оқиғаларға қарамастан, қауіпсіздік жүйесі толық жолға қойылмаған. Ал зардап шеккен балалардың ата-аналарына көмек көрсетілмейді. Сенаторлар мен қоғам белсенділері дабыл қаға бастады. Айтуларынша, көптеген аттракцион еш бақылаусыз жұмыс істеп тұр. Ал халықтың қауіпсіздігі кімнің мойнында? Белгісіз.

«Мен өзім де анамын. Балаларым батутта ойнап жүріп құлап қалған кездері болды. Кәсіпкерлер тек құрылғыны орнатуға рұқсат алған, ал қауіпсіздігіне ешкім жауап бермейді. Батуттың өзі лас, қайдан әкелінгені белгісіз», — дейді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Гүлнар Умарова.

Тексеру бар, ал жауапкершілік ше?
Мысалы, Астананың Орталық саябағында 26 аттракцион жұмыс істейді. Соның бірі экстремалды. Қызметкерлердің айтуынша, барлық құрылғылар күн сайын тексеріледі, қауіпсіздік басты назарда.
«Біз күнде әр аттракционды, бекіткіштерін тексереміз. Қауіпсіз деп тапсақ, қол қойып, іске қосуға рұқсат береміз», — дейді саябақ механигі Асылхан Абуов.
Бұрын аттракциондарды ТЖ департаменті тексеретін, енді бұл жұмыс аудан әкімдіктеріне жүктелген.
«Біз ұлттық стандарт пен ЕАЭО ережелеріне сүйенеміз. Құжаттарды қабылдап, тіркейміз, содан кейін тексереміз», — дейді Нұра ауданы әкімдігінен Айым Советова.
Әкімдік аттракциондарды тұрақты тексеріп тұратынын айтады. Ал құрылғы елге әкелінгенде және орнатылғанда, мамандар оның қауіпсіздігін қарап шығады.
«2018 жылдан бері ЕАЭО-да ортақ қауіпсіздік ережесі бар. Содан кейін шыққан барлық аттракцион осы талаптарға сай болуы керек», — дейді «ҚазСтандарт» маманы Ғалым Мықажанов.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елімізде шамамен 4 мың аттракцион мен ойын құрылғысы бар. Бірақ олардың барлығы бақылауда емес.
Сенатор Жанна Асанова бұл мәселені жақында көтеріп, аттракциондардың қауіпсіздігі жүйелі түрде бақыланбайтынын айтты.
«Көп құрылғы тек қағаз жүзінде тіркелген. Ал нақты шыққан жері, сапасы белгісіз. Баласы жарақат алған отбасылар әділетке жете алмай отыр», — дейді сенатор.
Қауіпсіздік бірінші орында тұруы керек. Қазақстанда ереже мен стандарттар бар, бірақ іс жүзінде олар толық орындалмай отыр. Балаларымыздың өмірі мен денсаулығына кім жауап береді? Бұл сұраққа әлі де нақты жауап жоқ.
31 шілде 2025 ж. 155 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031