Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 700-ге жуық мектеп кітапханасы жөндеуден өтеді

Елімізде 700-ге жуық мектеп кітапханасы жөндеуден өтеді

Фото: istockphoto.com
Шағын қалалар мен аудан орталықтарында және елді-мекендерде 1000 мектепті жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Ол қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайтуға, балалардың оқу мен тәрбиесіне жайлы жағдай жасауға, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған жеті негізгі бағытты қамтиды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осы жұмыстар аясында 2025 жылы 700-ге жуық мектеп кітапханасы жөндеуден өтеді. Бұл шамамен 300 мың балаға заманауи және қолайлы кітапхана кеңістігін пайдалануға мүмкіндік береді.

«Мемлекет жыл сайын білім беру инфрақұрылымын жақсартуға қаражат бөледі. Мектеп кітапханаларын жаңғырту аясында автоматтандырылған кітапхана жүйесі енгізілуде, коворкинг-аймақтар ашылып, күрделі жөндеу жүргізіледі, жиһаздар жаңартылуда», – деді Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Роза Сембаева.

Мектептерде кітаптарды автоматты түрде есепке алатын және жедел іздейтін RFID технологиясы енгізілуде, ал 20-дан астам кітапханада сканерлеуші роботтар жұмыс жасайды. 2023 жылдан бастап «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп кітапханаларының қоры 1,6 миллион дана көркем әдебиетпен толықты. Бүгінде жалпы кітап қоры 141 миллион данадан асады.

Кадр даярлауға ерекше көңіл бөлінуде: тек 2024 жылы 1 775 мектеп кітапханашысы біліктілікті арттыру курстарынан өтті, ал 2025 жылы оқу жалғасады. Бұл — мектеп кітапханаларын балалар үшін шынайы білім мен қарым-қатынас орталығына айналдыру жолындағы маңызды қадам.


30 шілде 2025 ж. 141 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031