Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа оқу жылында 200-ден астам мектеп салынады - министрлік

Жаңа оқу жылында 200-ден астам мектеп салынады - министрлік

Фото: Арман Асқар
2025–2026 оқу жылында 300 мыңнан астам оқушы орнына есептелген 200-ден астам жаңа мектеп салу жоспарланып отыр, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
Соның ішінде 206 мың оқушы орнына арналған 112 мектеп "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында пайдалануға беріледі. Жаңа мектептердің жартысына жуығы ауылдарда орналасады.
Ведомство мәліметінше, бұл жобаларды жүзеге асыру қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, 15 апатты мектеп мәселесін шешуге, үш ауысымды оқытуды және 150 мыңға жуық оқушы орны тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар қосымша 1000 ауыл мектебінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жиһаз жаңартылады, кітапханалар, асханалар мен қауіпсіздік жүйелері жабдықталады. Сонымен қатар химия, физика, биология, робототехника және STEM бағыттары бойынша 1000 заманауи пәндік кабинет сатып алынып жатыр.
2029 жылға дейін 1231 мектепті жаңғырту бағдарламасы аясында биыл 248 мектеп реновациядан өтеді. Бұл мектептерде шатырлар ауыстырылып, қасбеттер мен терезелер жаңартылады, инженерлік желілерге күрделі жөндеу жүргізіліп, аумақ көгалдандырылып, абаттандырылады.
17 маусым 2025 ж. 311 0

Берекелі жәрмеңке

09 желтоқсан 2025 ж. 125

Құрылыста қам қалай?

09 желтоқсан 2025 ж. 80

Су деңгейі бақылауда

09 желтоқсан 2025 ж. 39

Қос кездесу

09 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031