Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бауыр обыры туралы не білу керек?

Бауыр обыры туралы не білу керек?

Фото: depositphotos.com
Бауыр обыры - ең қауіпті онкологиялық аурудың бірі. Бұл дерт көбіне байқалмай дамып, көп жағдайда кеш сатысында ғана анықталады. Оның туындауына ықпал ететін негізгі қауіп факторының бірі - В және С гепатиттерінің созылмалы түрі. Бұл инфекциялар адам ағзасында жылдар бойы ешқандай белгі бермей, бауырды біртіндеп зақымдап, қатерлі ісіктің пайда болуына қолайлы орта қалыптастырады. Бұл туралы Алматының №36 қалалық емханасының онколог дәрігері Зарина Тойлыбаева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ауру қалай жұғады?

В және С гепатиттері - қан және басқа да биологиялық сұйықтық арқылы жұғатын вирус инфекциялары.
Бұл ауру қан құйғанда, стерильденбеген медициналық құралды қолданғанда, ине арқылы есірткі тұтынғанда, татуировка салғанда, жыныстық қатынас кезінде жұғуы мүмкін. Басты қауіп - көп адам өз бойында вирус барын білмеуі. Дер кезінде емделмесе, гепатит созылмалы түрге ауысып, уақыт өте келе циррозға немесе бауыр обырына әкеп соғуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметінше, алғашқы анықталған бауыр обырының 80 пайызына жуығы дәл осы созылмалы гепатитпен байланысты.

Кімдер сақ болғаны жөн?

В және С гепатиттеріне скринингтен өтуге тиіс адамдар қатарына медицина қызметкерлері (әсіресе, қанмен жұмыс істейтіндер, инвазиялық процедура жүргізетіндер, хирургия, стоматология, гинекология, гематология және зертхана қызметкерлері), ота алдындағы науқастар, қан құйдыруға мұқтаж адамдар, онкология, гемодиализ, трансплантология және басқа да бөлімшеде ем алып жатқандар кіреді. Сондай-ақ, жүкті әйелдер мен өмір салтына байланысты АИТВ мен гепатитке шалдығу қаупі жоғары адамдар жатады.
"Адам ешқандай ауырсынуды не жайсыздықты сезінбеуі мүмкін. Әлсіздік, оң жақ қабырға астының ауырлауы, тәбет төмендеуі, тері сарғаюы сияқты белгілер тек ауру асқынған кезде білінеді. Ал бұл кезде емдеу қиындай түсіп, сауығу мүмкіндігі де төмендейді", - деді дәрігер.
Аурудың алдын алуға болады. Ол үшін бірінші кезекте екпе алу қажет. B гепатитіне қарсы екпе ҚР Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізілген және тегін салынады. Өкінішке қарай, С гепатитіне қарсы вакцина әлі жоқ. Десе де мамандардың сөзінше, бұл ауру ерте анықталса, емдеуге болады.
"Бұрын-соңды В және С гепатиттеріне анализ тапсырмасаңыз немесе B гепатитіне қарсы вакцина алғаныңызға сенімді болмасаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаңызға барып кеңес алыңыз", - деп түйіндеді сөзін Зарина Тойлыбаева.

28 шілде 2025 ж. 139 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031