Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер жазда қандай су тұтыну керектігін айтты

Дәрігер жазда қандай су тұтыну керектігін айтты

Фото: istockphoto
Аптап ыстықта шөлді басу үшін ең тиімді сусын – кәдімгі таза су. Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Салтанат Әлібаева шілденің шіліңгірінде ағзаны дұрыс ылғалдандырудың маңызына тоқталды, деп хабарлайды turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.
Ол газдалған және қантты сусындардан бас тартуға кеңес берді.
Маманның айтуынша, күн ыстықта бөлме температурасындағы қарапайым су немесе табиғи жеміс сусыны, компот ішкен дұрыс.
Ал шай ішетін болсаңыз, оны да суытып ішкен жөн.
«Газдалған, тәтті сусындар мен энергетиктердің ағзаға пайдасынан гөрі зияны көп. Олар шөлді уақытша ғана басады да, кейіннен қайта шөлдетіп, асқазанға ауырлық түсіреді», – деді Салтанат Қордабайқызы.
Сондай-ақ ол шілдедегі аптапта суды жеткілікті мөлшерде тұтыну қажет екенін атап өтті.
Дәрігерлердің айтуынша, адам ағзасына тәулігіне 1 кг салмаққа шамамен 30 мл су қажет. Бұл – ересек адам үшін күніне 1,5 литрден 2–3 литрге дейін сұйықтық ішу керек деген сөз.
Маман ыстық күндері ас мәзірін де жеңілдетуге шақырады.
«Аш жүруге болмайды. Ең дұрысы – әр 2–3 сағат сайын аз-аздан тамақтану. Ауыр, қуырылған тағамдардан гөрі көкөніс, жеміс пен салқындатылған сорпаға басымдық берген абзал», – деп кеңес берді Салтанат Әлібаева.



27 шілде 2025 ж. 308 0

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 31

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930