"Бурабай" емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Жыл сайын Kazakh Tourism компаниясы бұл белгіні туризм индустриясының жоғары стандарттарына сәйкес келетін ұйымдарға тапсырады.
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық сақтау министрлігінің Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ "Бурабай" емдеу-сауықтыру кешені "Сапа жұлдызы" ұлттық рейтингінің (Сапа белгісі) нұсқасы бойынша Қазақстанның үздік 20 кәсіпорнының қатарына енді. Сонымен қатар, институттың филиалы - Very Nice деңгейіндегі беделді "Сапа белгісіне" ие болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Биылғы жылы лауреаттардың қатарына елдің туристік бизнесінің 89 жетекші өкілі кірді, олардың арасында "Бурабай" санаторийі кешені лайықты орын алды.
Филиал бронх-өкпе жүйесінің ауруларын, сондай-ақ олармен байланысты жүрек-қан тамырлары, тірек-қимыл аппараты және неврологиялық бұзылуларды емдеуге маманданған. Кешеннің қызметі сапалы медициналық көмек көрсетуге ғана емес, сонымен қатар тұрақты және елеулі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін оңалту тәсілдерін жүйелеуге бағытталған.
"Бурабай" ЕСК мамандары әзірлеген бағдарламалар жоғары тиімділікті, инновациялылықты және практикалық құндылықты көрсетеді. Пациенттер денсаулығын жақсартып қана қоймай, медициналық персоналдың кешенді тәсілі мен біліктілігінің арқасында өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік алады.
ҚР ДСМ Курортология және медициналық оңалту ҒЗИ халықтың денсаулығын қалпына келтіру және Қазақстанның медициналық және сауықтыру қызметтері саласындағы беделін нығайту бойынша өз қызметін жалғастыруда.