Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент эндаумент-қорлар туралы заңға қол қойды

Президент эндаумент-қорлар туралы заңға қол қойды

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НЫСАНАЛЫ КАПИТАЛ ҚОРЛАРЫ ЖӘНЕ ЭНДАУМЕНТ-ҚОРЛАРЫ ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ.
Президент эндаумент-қорлар туралы заңға қол қойды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Заң Мемлекет басшысының 2022 жылғы Жолдауында және 2023 жылғы 12 сәуірде өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесінің бірінші отырысында Үкіметке берген тапсырмалары аясында әзірленді.
Заңның мақсаты – ғылым мен инновациялық қызметті, білім беруді, денсаулық сақтауды және халықтың әлеуметтік қорғалуын инвестициялық табыстар есебінен қолдауға бағытталған эндаумент-қорларды құруға құқықтық негіз қалыптастыру.
Заң эндаумент-қорлардың (нысаналы капиталдардың) қайырымдылық бағдарламаларының нысандарына тұрақты қаржылық қолдау көрсету үшін қосымша қаражат тарту механизмдерін, активтерді инвестициялық декларацияға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялау тәртібін, инвестициялық табыстар есебінен қайырымдылық көмекті жүзеге асыруды, сондай-ақ нысаналы капитал қоры қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуді және салымшылардың заңды мүдделерін қорғауды қарастырады.
Заң эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) заңды немесе жеке тұлғалардың нысаналы жарналары есебінен қалыптасатын мүлік ретінде анықтауға, эндаумент-қор активтерінің құрамына ақша қаражаттары, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік және зияткерлік меншік объектілері кіруіне, сондай-ақ инвестициялық табысты қалыптастыру, толықтыру және қайырымдылық қызмет нысандарына бағыттап пайдалану тәртібін белгілеуге арналған нормаларды ұсынады.
Сондай-ақ заңда коммерциялық емес ұйым нысанында нысаналы капитал қорын құру нормалары, берілетін активтерге меншік құқығын және міндеттемелердің болмауын қоса алғанда, оның құрылтайшыларына қойылатын талаптар, сондай-ақ қамқоршылық кеңеспен, атқарушы органмен және ішкі аудит қызметімен басқару құрылымы белгіленеді. Қорды құру, тіркеу, жұмыс істеу және тарату тәртібі айқындалады.
Сонымен бірге заң инвестициялық табысты білім беру, ғылым мен инновациялық қызмет, бұқаралық спорт, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық қызмет көрсету, халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы қайырымдылық бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында пайдалану үшін қаржыландыру мақсаттарын қайта қарауға қатысты нормаларды енгізеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 22 эндаумент-қор тіркелген. Олардың бірқатары «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркеліп, жалпы құқық нормалары қолданылады. Көптеген қорлар қайырымдылық негізде жұмыс істеп, инвестициялық табыс алмайды. Активтерді басқару жеке немесе лицензияланған басқарушы компаниялар арқылы жүзеге асырылады.
Заң эндаумент-қорлардың негізгі капиталын сақтап қалуды қамтамасыз ете отырып, қаржылық нарықтың кәсіби қатысушыларының активтерін басқарудан түскен табыстар есебінен қайырымдылық көмекті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
01 шілде 2025 ж. 172 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031