Монша мен көлік жуу орындары қолданған суды қайта пайдалануға міндеттелмек

Қазақстанда монша мен көлік жуу орындары қолданған суды қайта пайдаланатын жүйемен жұмыс істеуі тиіс. Жақында күшіне енген су кодексі тіршілік көзінің шығынын қатаң бақылайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жуырда күшіне енген су кодексіне сәйкес, енді суды үнемдеу технологиясын кеңінен қолданған шаруаға мемлекет қолдау көрсетеді. Жалпы құжатта тіршілік нәрін бей-берекет пайдалануға жол бермеу мәселесі көтеріліп отыр.
“Соңғы 10 жылда мың литріне, яғни, 1 шаршы метрге судың бағасы 50 теңге ғана болды. Сондықтан басқа елдерге қарағанда біздің Қазақстан бойынша, соның ішінде Алматыда да суды үнемдемей, екі есе көп пайдаланып жүрді”, – дейді “Алматы су” МКК департамент директоры Серік Шагиров.
Енді барлығы үшін судың ақысы шығынға қарай сұралады. Баға белгілейтін монополистердің мәлімдеуінше, күніне жұмсайтын судың көлемі 3 текше метрден асса құны жоғары бағамен есептеледі.
Бұл ережелер халық арасында да қолдау тапты.
“Меніңше, тарифі көңілге қонымды. Адамдар да суды жайдан-жай төкпей, бағалай бастайтын шығар”, “Судың да сұрауы бар. Оны өз үйінде үнемдеу керек. Ал тариф мемелекет тарапынан болуы керек деп ойлаймын”, “Арзан болса бәріне жақсы ғой. Үнемдеу керек. Көпқабатты үйлерде бір адамға 100 литр су кетеді”, – дейдіқазақстандықтар.