Тұман, қатты жел, аптап ыстық: Бүгін еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Астанада 22 шілдеде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Фото: Pixabay

Синоптиктер Қазақстанның 16 облысында 22 шілдеде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы облысында 22-24 шілдеде күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта 22-24 шілдеде күндіз 35-38 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қызылордада 22 шілдеде күндіз шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 41 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда 22 шілдеде күндіз 36 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі күтіледі.
22-28 шілде аралығында Жетісу облысында сынап бағаны күндіз +31...+36 градустан +37...+42° гардусқа дейін қатты жоғарылайды деп күтіледі. Температуралық фонның жоғары болуына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде 22 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Түнде Абай облысының оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 22 шілдеде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман түсіп, күндіз облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда 22 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың тау асуларында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Шымкентте 22 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15- 20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 22 шілдеде күндіз шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 41 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Таразда 22 шілдеде күндіз 39 градус қатты ыстық болып, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Қарағандыда 22 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ұлытау облысында 35-38 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 22 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болып, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада 22 шілдеде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 22 шілдеде түнде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Оралда 22 шілдеде найзағай ойнайды деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда 22 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, жоғары өрт қаупі сақталады.
Бұған дейін синоптиктер 22-24 шілде аралығында Алматыда, Астанада және Шымкентте қандай ауа райы болатынын айтып, өз болжамдарымен бөліскен.