Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 12 шілдеде ауа райы қандай болады

12 шілдеде ауа райы қандай болады

pixabay.comҚазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Күндіз Ұлытау облысында 35-36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 12 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде 12 шілдеде күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.

Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз таулы аудандардағы жел екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 12 шілдеде түнде найзағай ойнайды деп күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнап, 35-37 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде 12 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысында 38-40 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі күтіледі. Ақтауда12 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Найзағай ойнап, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда 12 шілдеде таңертең және күндіз найзағай ойнап, батыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз 40 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 12 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
12 шілде 2025 ж. 142 0

Жасыл орман жайқалса...

12 шілде 2025 ж. 130

Еңбегі еселі ер

12 шілде 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031