Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жәрмеңкенің жұмыссыздарға жәрдемі зор

Жәрмеңкенің жұмыссыздарға жәрдемі зор

Жалпы жұмыссыздар санын азайту – қазіргі қоғамда күн тәртібінен түспейтін басты мәселенің бірі. Осы орайда ауданда ауқымды іс-шаралар жүргізілуде.
Жуырда ауданда "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында жұмыссыз азаматтарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, бос орындар жәрмеңкесін өткізудегі мақсат – жұмыссыз азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамту, әлеуметтік жұмыс орындарын құруға жұмыс берушілерді кеңінен тарту, жастарды осы шараға белсене қатысуға шақыру.
Жәрмекеге аудандық "Мансап" орталығының мамандары қатысып, жұмыссыз азаматтарға еңбек нарығында өз орнын табуға көмектесті. Сондай-ақ. қатысушыларға кәсіптік бағдар беріліп, мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау көрсету және кәсіпкерлік бастамаларды дамыту мүмкіндіктері таныстырылды.
Сонымен бірге алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлер мен пробация есебіндегі жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау және оларды ортаға бейімдеу мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, жәрмеңкеге 42 жұмыс беруші қатысып, 209 бос жұмыс орыны ұсынылды. Олар жұмыс ұсынып қана қоймай, қызметкерлерге қойылатын кәсіби біліктілік талаптар мен жұмысшыларға көрсетілетін әлеуметтік қолдаулар туралы да айтып түсіндірді. Жұмыс жәрмеңкесіне үміт артып келген жұмыссыздар өздері қалаған кәсіпорындарға әңгімелесуге тіркеліп, жұмысқа тұруға ықылас танытты.
Арайлым ЖҮСІПОВА

22 шілде 2025 ж. 228 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 117

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031