Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дала отқа оранбасын десек...

Дала отқа оранбасын десек...

Өрт – барлық апаттың бастауы. Ол күрделі шығынға әкеліп соқтырары сөзсіз. Оған деген немқұрайлықтан, селқостықтан арылуымыз керек. Өрт әр түрлі жағдайда шығуы мүмкін, сол өрттердің бір түрі орман-дала өрті. Орман-дала өрті көбіне жылдың көктем, жаз мезгілдерінде жиі орын алады.
Бұл өрттердің болу себебі – күннің қызуынан, азаматтардың ошақ құрып, от жағып, өртті өшірмей немқұрайлы қараусыз қалдыру салдарынан.
Табиғатты қорғауда орман шаруашылығы мекемесі қызметінің маңызы зор. Әрбір қорықшы өзіне бекітілген учаскесінде бақылауды күшейткен жағдайда өрттің шығуы да аз болар еді. Бірақ шаруашылық басшыларының, жеке азаматтардың көктем айларында егіске, бау-бақша егуге даярлық кезінде өртке қарсы ережелерді сақтамауынан да өрт жағдайлары да орын алып жатады. Яғни егіс егетін жерлерді, су арналарын арам шөптерден тазарту үшін өртейді де, отты сөндірмей бақылаусыз қалдырып кетеді.
Соның салдарынан от желдің әсерімен жан-жаққа жайылып, табиғатқа қыруар зиянын тигізеді. Осындай жағдайларды болдырмау үшін шаруашылық басшылары дала жұмысына бөлінген адамдардың өртке қарсы ережелерді қатаң сақтауын талап етуі тиіс.
Шапағат ЕРМЕКБАЕВ,
Қазалы ауданы Төтенше
жағдайлар бөлімінің бас маманы
азаматтық қорғау майоры
22 шілде 2025 ж. 133 0

Әлем таныған Абай

22 шілде 2025 ж. 139

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031