Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Камчатка жағалауында жойқын жер сілкінісі болды

Камчатка жағалауында жойқын жер сілкінісі болды

Фото: depositphotos.com
20 шілдеде Камчатка жағалауында магнитудасы 7,4 болатын жойқын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жоғары магнитудалы жер сілкінісі Тынық мұхитта, Ресейдегі Комсомольск-на-Амур қаласынан (халқы – 275 000 адам) шығысқа қарай 1641 шақырым жерде және Петропавловск-Камчатский қаласынан (187 000 адам) шығысқа қарай 136 шақырым жерде, жергілікті уақытпен сағат 16:49-да (Астана уақытымен 12:49-да) тіркелген.

Бұл қалалардың тұрғындары жер асты дүмпулерін сезген. Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді.
Жер сілкінісінен кейін бірнеше дүмпу болған. Ең төменгі магнитудасы – 6 балл.
Сонымен қатар, Тынық мұхиты цунамиден қорғау орталығы Камчатка түбегінде бірнеше жер сілкінісінен кейін цунамидің болуы мүмкін екені туралы ескерту жариялады.
20 шілде 2025 ж. 255 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930