Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстанға ақша аударымдары 27%-ға өсті

Өзбекстанға ақша аударымдары 27%-ға өсті

Орталық банк Өзбекстандағы жеке тұлғаларға шетелден ақша аударымдары туралы деректерді ұсынды. 
Фото: freepik
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Өзбекстанға шетелден ақша аударымдары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 млрд долларға немесе 27%-ға артып, 8,2 млрд долларға жеткені белгілі болды.

Қаражаттың 6,4 млрд доллары немесе 78%-ы Ресейден, қалғаны Қазақстан, АҚШ, Оңтүстік Корея, Түркия, Ұлыбритания, Қырғызстан, Литва және басқа елдерден аударылған. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде Ресейдің үлесі шамамен бірдей болды.

Орталық банктің мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-маусым айларындағы ақша аударымдарының өсуіне еңбек мигранттары жұмыс істейтін дәстүрлі елдерде жұмыс күшіне сұраныс пен салыстырмалы түрде жоғары жалақының сақталуымен қатар ұлттық валюта бағамының нығаюы әсер етті.

— Сыртқы еңбек миграциясының географиясында әртараптандыру процестері жалғасып жатыр, бұл дамыған елдерден Өзбекстанға трансшекаралық ақша аударымдары көлемінің өсуінен көрінеді. Атап айтқанда, Ұлыбританиядан трансферттер көлемі 2 есеге, ЕО елдерінен 41%-ға (Ирландиядан — 2,8 есе, Литвадан — 79%, Нидерландыдан — 44%, Польшадан 20— %) және АҚШ-тан 15%-ға өсті, — делінген хабарламада.

Жалпы қаражаттың 4,3 млрд доллары (53%) дәстүрлі халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы аударылған (2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға өсті), 3,6 млрд доллары (44%) тікелей шетелден жеке тұлғалардың банктік карталарына аударылған – P2P аударымдары (40%-ға өсті) және 251 млн доллар банк аударымы(3%) SWIFT арқылы аударылған (22%-ға азайған).

Соңғы жарты жылда Өзбекстаннан шетелге жөнелтілген ақша аударымдарының көлемі өткен жылғы деңгейде қалып, 1,2 миллиард доллар болды.
Еске сала кетейік, Ресей, Түркия, Өзбекстан: Қазақстаннан қай елдерге көп ақша аударылатыны туралы жазған едік. 

18 шілде 2025 ж. 340 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 148

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 140

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930