Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Қазақстанда 10 мың ауыл шаруашылық техникасы шығарылады

Биыл Қазақстанда 10 мың ауыл шаруашылық техникасы шығарылады

Нарықтың 90%-ын отандық өндірушілер қамтып отыр.  
Фото: canva
Ал, ауылшаруашылығы машинасын құрастыру сала құрылымының шамамен 6%-ын алады. Бүгінде елімізде өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын 10 ірі кәсіпорын өндіреді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қолданыстағы жеңілдетілген лизинг бағдарламасының арқасында отандық өндірушілер трактор мен комбайн бойынша ішкі нарық қажеттілігінің 90%-ын қамтамасыз етіп отыр.
Өткен жылы финдік SAMPO, қытайлық ZOOMLION және американдық John Deere Қазақстанға кіріп, қазір олардың қатысуы күшейтілуде.
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанда 4 мыңға жуық трактор (+39,3%) мен 441 астық жинайтын комбайн (+64,6%) өндірілді. Жылдық жоспар 10 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын шығаруды көздейді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 27% жоғары.
Вице-премьер Серік Жұманғарин өңдеу өнеркәсібінің негізгі секторының бірі және елдің технологиялық дамуының маңызды драйвері ретінде машина жасаудың тұрақты өсу қарқынын сақтауға бағытталған барлық қажетті шаралар кешенін қамтамасыз етуді тапсырды.
Жалпы елімізде машинажасау саласы жарты жыл ішінде 11,1% өсім көрсетіп отыр. Өсудің негізгі драйверлері: автомобиль (+12,1%), теміржол және басқа да көлік құралдары (+7,1%), ауыл шаруашылығы техникасы (+1,3%), электротехника (+21,5%), компьютер, электрондық және оптикалық жабдық (өсім 1,7 есе) өндірісі, сондай-ақ машина және жабдық жөндеу мен орнату (+12%).
17 шілде 2025 ж. 330 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 197

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 197

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930