Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Словакияда аусыл індеті қайта өршіді

Словакияда аусыл індеті қайта өршіді

Словакияда аусыл індетінің жаңа ошағы анықталып, бұл жағдай елдегі фермерлер мен билік өкілдерінің алаңдаушылығын туғызып отыр, деп жазады АЗЕРТАДЖ.

Фото: Pexels
Словакия Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, алғашқы ауру жұқтыру жағдайлары елдің батысындағы Трнава аймағындағы фермаларда тіркелген. Ветеринарлық қызметтер ірі қара мал мен шошқалардан вирустың бар екенін растады.

Қазіргі уақытта бірнеше инфекциялық ошақ анықталып, зардап шеккен аймақтарда карантин шаралары енгізілді. Бұл өңірлерден мал мен мал шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға уақытша тыйым салынды. Ветеринарлар жануарларды жаппай вакцинациялап, көрші елдер — Чехия, Мажарстан және Аустриямен шекарадағы бақылауды күшейтуге көшті.

Аусыл — ірі қара, шошқа және басқа да қос тұяқты жануарларға жұғатын жіті вирустық ауру. Бұл дерт адамға қауіпті емес, алайда ауыл шаруашылығына зор экономикалық шығын келтіреді.

Фермерлер індет салдарынан малды жою мен экспорттың тоқтауы қаржылық шығынға алып келеді деп қауіптенеді. Еуропалық комиссия Словакияға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін білдірді. Сарапшылар халықты ветеринарлық талаптарды сақтауға және дүрбелеңге бой алдырмауға шақырып отыр. Билік өкілдері жағдай бақылауда екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Түркияда аусыл індеті таралып, Ылғындағы мал базары жабылып, карантин енгізілгені белгілі болды.

17 шілде 2025 ж. 263 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 197

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 197

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930