Жапония туристер үшін танымал бағытқа айналды
Жапония үкіметінің жариялаған деректеріне сәйкес, 2025 жылдың алғашқы алты айында елге 21,5 миллион шетелдік турист барған. Бұл – рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды Kyodo News.

Жапонияның Ұлттық туризм ұйымының мәліметінше, өткен жылы 17,78 миллион адам болған алдыңғы рекордтан асып түскен.Тек маусым айында Жапонияға 3,38 миллион шетелдік турист барған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,6 пайызға көп.Жарты жылдың ішінде Жапонияға ең көп турист Оңтүстік Корея мен Қытайдан барған.Алайда туристер ағынының күрт артуы бірқатар мәселеге де себеп болды. Соның ішінде ең өзектісі – белгілі бір бағыттарда шектен тыс туризмнің артуы жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасына кері әсер етіп отыр.
Сонымен қатар, Жапонияның Туризм басқармасының бағалауынша, шетелдік туристердің сәуір мен маусым аралығындағы жалпы шығыны шамамен 2,5 трлн иен (шамамен 16,8 млрд АҚШ доллар) болған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18 пайызға жоғары.
Орта есеппен бір турист Жапонияда 239 000 иен (шамамен 851 000 теңге) жұмсаған. Ең көп шығын жасағандар – Ұлыбритания азаматтары, олар шамамен 444 000 иен жұмсаған. Одан кейінгі орындарда – италиялықтар (398 000 иен) және немістер (396 000 иен).
Айта кетейік, бұған дейін Жапония үкіметі жергілікті тұрғындар мен шетелдік туристер арасындағы мәселелерді шешу үшін арнайы кеңсе құрған.