Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда тағы бір қауіпті вирус өршіп тұр

Қытайда тағы бір қауіпті вирус өршіп тұр

Мамандар жергілікті тұрғындарды аурудың алдын алу шараларын сақтауды ұсынады.
Фото: PixabayФото: Pixabay

Қытайдың Гуандун провинциясындағы Фошань қаласында Чикунгунья қызбасының жергілікті өршуі тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Алғашқы жағдай 8 шілдеде анықталды. 15 шілдедегі жағдай бойынша 478 адамның індет жұқтырғаны расталды. Барлығы жеңіл түрде ауырған. Лэцун, Бэйцзяо және Чэньцунь елді мекендерінде мұндай деректер көп тіркелген.
Чикунгунья – Aedes масалары арқылы таралатын жедел вирустық ауру. Негізгі белгілеріне дене қызуының көтерілуі, бөртпелердің шығуы және буын ауруы жатады. Бұл аурудың белгілері денге қызбасына да ұқсайды.
Ыстық әрі ылғалды ауа райында масалардың белсенділігі артады. Өз кезегінде бұл денге мен чикунгунья сияқты жәндік арқылы таралатын індеттердің таралу қаупін күшейтеді.
Мамандар жергілікті тұрғындарды аурудың алдын алу шараларын сақтауды ұсынады.

17 шілде 2025 ж. 136 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031