Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді ата-аналар баласының қанша уақыт TikTok қарайтынын бақылай алады

Енді ата-аналар баласының қанша уақыт TikTok қарайтынын бақылай алады

Фото: Pinterest.com
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты.
 «Платформа жасөспірімдер үшін қауіпсіз онлайн кеңістік құруға және ата-аналарға балаларының TikTok-тағы белсенділігін басқаруға көмектесетін жаңа мүмкіндіктерді іске қосқанын хабарлайды. Жасөспірімдерге қосымшаны шектеуге мүмкіндік беретін жаңа функцияны енгізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ сағат 22:00-ден кейін тынығуға көмектесетін жаңа мүмкіндікті іске қоспақ», – деп жазды министр.
Сонымен қатар TikTok-та «Демалыс» деген жаңа функция қосылды. Ол қосымшаны белгілі бір уақытқа бұғаттауға мүмкіндік береді.
Енді ата-аналар:
– Балаларына TikTok-ты шектеу уақытын белгілей алады.
– Цифрлы детокс үшін қайталанатын кестені орната алады.
– Шектеу қойылған уақыт аралығында жасөспірімнің TikTok-ты қолдану сұранысын қабылдай алады.
Оған қоса «Отбасылық баптаулардың» жаңа функциясы ата-аналарға балаларының аккаунты туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Министрдің айтуынша, алдағы уақытта жасөспірімдерге қауымдастық ережелеріне сәйкес келмейтін контент туралы ата-аналарына хабарлау мүмкіндігін қосу жоспарланып отыр.
13 наурыз 2025 ж. 162 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31