Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Трамп TikTok-қа тыйым салуды тағы 90 күнге кейінге шегерді

Трамп TikTok-қа тыйым салуды тағы 90 күнге кейінге шегерді

Фото: freepik
АҚШ президенті Дональд Трамп TikTok-ты пайдалануға тыйым салатын заңның күшіне енуін тағы 90 күнге шегерді. Бұл туралы Ақ үй мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше рет атап өткендей, ол TikTok-ты біржола бұғаттауға ұмтылмайды. Жаңарту 90 күнге ұзартылып отыр. Осы уақыт ішінде әкімшілік TikTok қолданушыларын олардың деректері қауіпсіз екеніне сенімді ететін мәміле жасауға тырысады, - деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт америкалық БАҚ-қа берген мәлімдемесінде.
Сәуір айының басында Трамп TikTok-қа қатысты соңғы жаңартуды жариялады. Сол кезде әкімшілік TikTok АҚШ-та жаңа компанияға айналатынын мәлімдеген еді. Бұл компанияны американдық инвесторлар басқарып, бақылауы тиіс болатын. Алайда Трамп Қытайға қатысты жоғары тарифтер енгізгеннен кейін, TikTok-тың қытайлық иесі ByteDance сауда мәселелері шешілмейінше келісімді мақұлдамайтынын жеткізді.
Өткен жылы АҚШ Конгресі ұлттық қауіпсіздікке сілтеме жасап, ByteDance компаниясына 2025 жылдың 19 қаңтарына дейін TikTok-ты америкалық компанияға сатуға немесе елде жұмысын тоқтатуға міндеттейтін заң қабылдаған болатын.
Осы айдың басында Трамп пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 90 минуттық телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме негізінен сауда мәселелеріне арналды. TikTok-ты бұғаттау тақырыбы бұл кездесуде көтерілген жоқ.

18 маусым 2025 ж. 265 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 119

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031