Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді тұрғындарға есеп ұсынбаған мүлікті басқару субъектілері айыппұл төлейді

Енді тұрғындарға есеп ұсынбаған мүлікті басқару субъектілері айыппұл төлейді

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Коллаж: canva
— Заң жобасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Заң жобаларында пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) құқықтары, міндеттері белгіленген, олар үшін жалпы жиналыстың шешімі көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсету негізі. Сонымен қатар ашықтықты арттыру үшін заң жобалары басқару субъектілерінің ақпараттық жүйелерде қаражаттың жұмсалуы мен жинақталуы туралы ай сайынғы есептілікті міндетті түрде орналастыру бөлігінде өзгерістер ұсынылған, — деді Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов. 

Халық қалаулысының мәлімдеуінше, тұрғын үй инспекциясының өкілеттігі кеңейтіледі. 
— Сондай-ақ, ілеспе заңда мүлік объектілерін басқару субъектілеріне салық салу тәртібі айқындалған және шоттарды ашу мерзімін бұзғаны және есеп пен құжаттаманы ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген (50 АЕК). Осыған байланысты заң жобасын бірінші оқылымда қолдауларыңызды сұраймын. Жұмыс тобы заң жобасын екінші оқылымға дайындау аясында жұмысын жалғастырады, — дейді ол.

Бұған дейін пәтер иелері кооперативтерінің қызметіне жаңа талаптар қойылатыны туралы хабарлаған едік. 

12 наурыз 2025 ж. 91 0

Үш өңірде ауа ластанады

12 наурыз 2025 ж. 84

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31