Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев жайылымдарды пайдалану бойынша заңға қол қойды

Тоқаев жайылымдарды пайдалану бойынша заңға қол қойды

Сурет: akorda
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл құжат жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Түзетулер 5 заңнамалық актіге, оның ішінде Жер, Орман кодекстеріне енгізілді. Түзетулердің бірінші блогы жекелеген адамдардың малын жаюға арналған жайылымдық алқаптардың тапшылығын жоюға бағытталған. Осы мақсатта Жер кодексіне және 1Жайылымдар туралы1 Заңға жайылымдардың жаңа түрі, яғни «қоғамдық жайылымдар» ұғымы енгізілді. Қоғамдық жайылымдар тек жергілікті тұрғындардың малын жаюға пайдаланылады. Олар жалға берілмейді. Қоғамдық жайылымға жатпайтын жайылымдардың жалға берілуі және шабындық үшін пайдаланылуы мүмкін.

Қоғамдық жайылымдарды, сондай-ақ жайылымдарды ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа түрлеріне ауыстыруға тыйым салынды. Мал шаруашылығы және мал жаю үшін уақытша өтеусіз жер пайдалану нормасынан (5 жылға) конкурссыз жер алу мүмкіндігі алынып тасталды. Бұл мақсаттар үшін жер конкурстық тәртіппен ғана беріледі.

Ормандардың ресурстық әлеуетін тиімді пайдалану үшін орман/табиғатты қорғау мекемелері жыл сайын әкімдіктерді бос емес және бос алаңдардың нақты орындарын көрсете отырып, шөп шабуға және мал жаюға болатын орман қорының учаскелері туралы хабардар етеді.
27 ақпан 2024 ж. 156 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031