Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы алғашқы АЭС қымбаттауы мүмкін

Қазақстандағы алғашқы АЭС қымбаттауы мүмкін

Премьер-министр Олжас Бектенов АЭС құрылысында отандық қосалқы мердігерлерге басымдық берілетінін атап өтті.
Фото: Pixabay
Қазақстандағы алғашқы ірі атом электр станциясын (АЭС) салуға қажетті жобалық-сметалық құжаттама 2026 жылы дайын болады. Осыдан кейін жобаның болжамды құны өзгеруі ықтимал, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Вице-премьер Роман Склярдың айтуынша, техникалық-экономикалық негіздеме 2025 жылдың желтоқсанында әзірленеді. Ал 2026 жылы жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау басталады. Барлық құжат дайын болғаннан кейін жобаны жүзеге асырудың келесі кезеңіне көшуге болады.
Премьер-министр Олжас Бектенов АЭС құрылысында отандық қосалқы мердігерлерге басымдық берілетінін атап өтті:
«Құрылысқа барынша қазақстандық компанияларды тартатын боламыз. Бірақ нақты сандарды қазір айту мүмкін емес, себебі жобалық-сметалық құжаттама әлі дайын емес. Құжаттар қолымызға тигенде, нақты мәліметтер болады. Сол кезде жариялаймыз. Ең бастысы — қазақстандық компанияларды тарту».
Алдын ала есеп бойынша, Қазақстандағы АЭС құрылысының құны — 14 миллиард доллар. Алайда жобалық-сметалық құжаттама дайын болған соң, бұл сома жоғары болуы мүмкін.
Еске сала кетейік, Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті «Росатом» салады. Ал екінші АЭС-ті кім салатыны әзірге белгісіз. Склярдың сөзінше, бұл мәселе бойынша нақты шешім күзде белгілі болады.
15 шілде 2025 ж. 129 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031