Балаларды терезеден құлаудан қорғаңыз

Сонымен бірге оқыс оқиғалардың орын алу себебі көптеген үйлерде заманауи пластик терезелердің пайда болуымен байланыстырылады. Егер осындай терезе москит торымен жабдықталған болса, онда ол екі есе қауіпті болады. Көп жағдайда ата-аналар бұл торды қорғаушы ретінде рөл атқарады деп ойлайды. Алайда бұл қате ұйғарым. Өйткені балалар да бұл торды қорғаныс бөгет ретінде қабылдап және оған сүйеніп, терезеден түсіп кетеді.
Осы ретте ересектердің назарына мына нәрсені еске салғымыз келеді. Терезе жанында жиһаз болмауын қадағалау керек. Өйткені ол балаға терезеге оңай шығуға мүмкіндік береді. Мұндайда баланы қараусыз қалдырмаған жөн. Сондай-ақ бала ешқашан терезесі ашық бөлмеде қадағалаусыз қалмауы тиіс.
Статистикаға сүйенсек, терезеден құлау жағдайларының көбі балаларды қысқа уақытта қараусыз қалдырғанда орын алғандығын көрсеткен. көп атаналар мұндай ескертпелерді ескермей, балаларды үнемі қадағалауда ұстайтынын айтып, ақталып жатады. Бірақ құр қырағылыққа сену қауіптің алдын алмауы да мүмкін екенін айтқымыз келеді. Сондықтан балаға биіктің қауіпті екенін түсіндірген жөн.
Сондай-ақ балаларға терезе алдында ойнауға тыйым салу керек. Сонымен бірге оларды терезеге дұрыс қарауға үйрету қажет. Мұндай да жеке мысал да маңызды. Ересектер балалар бар кезінде терезеге отырмауы тиіс. Өйткені балалар ата-ананың әрекетін әрдайым қайталайды. Ата-аналар, балаңыздың қауіпсіздігі – сіздің қолыңызда. Сондықтан сақтыққа салғырт қарамаңыз.
Қазалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі