Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биткоин бағасы рекорд орнатты

Биткоин бағасы рекорд орнатты

Фото: istockphoto.com
Криптовалюта тарихта алғаш рет 113 мың доллардан асты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Binance биржасындағы сауда деректеріне сәйкес, Астана уақытымен 23:00-де криптовалютаның құны 113 778 мың долларды құрады.
Биткойнға қолдау көрсетіп отырған фактор – АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің саясаты. Truth Social желісінің иесі Trump Media & Technology Group компаниясы биткойнға инвестиция салатын криптовалюта ETF қорын іске қосуды жоспарлап отыр.
Жыл басынан бері биткойн бағасы 19%-ға өсті, ал соңғы бір жылда екі есеге жуық артты.
Professional Capital Management инвестициялық компаниясының басшысы Энтони Помплиано биткойнның тәуекел мен табыс арақатынасы жағынан теңдесі жоқ екенін айтты.
"Бұл активпен ештеңе теңесе алмайды", – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.
2024 жылғы 5 желтоқсанда биткойн бағасы тарихта алғаш рет 100 000 доллардан асқан болатын.


11 шілде 2025 ж. 365 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031