Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Талибан басшылары әйелдердің құқығын таптағаны үшін қамауға алынады

Талибан басшылары әйелдердің құқығын таптағаны үшін қамауға алынады

Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот «Талибанның» екі көшбасшысын Ауғанстандағы әйелдер мен қыздарды қудалады деп айыптап, қамауға алу туралы санкция салды, деп хабарлайды Orda.kz.
Гаага соты жоғарғы басшы Хайбатулла Ахундзада мен бас судья Абдул Хаким Хакканиді адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыптап отыр.
Талибан басшылығы 2021 жылдың тамызынан билікті басып алды. Сол кезден бастап басшылық әйелдер мен қыздарға көптеген шектеулер енгізді. Оларға білім алуға, ер адамнан бөлек саяхаттауға, қоғамдық орындарда дауыстарын шығаруға, Құранды дауыстап оқуға тыйым салынды. Тіпті басқа әйелдермен дауыстап сөйлесуге рұқсат берілмеді. Елде сұлулық салондары жабылды
Билік басына келген Талибан басшылары бірден Ауғанстандағы әйелдер істері министрлігін жойып, оның орнына ізгілікті насихаттау және жамандықтың алдын алу министрлігін құрды.

Айта кетейік, сонымен қатар Талибан билігі әйелдердің ерлерден мәһір мен сыйлық сұрауына да тыйым салған еді.
Еске сала кетсек, Ресей Федерациясы Ауғанстан билігін заңды деп таныған алғашқы мемлекет болды. Ал 2023 жылдың соңында Қазақстан Талибанды тыйым салынған ұйымдар тізімінен алып тастады.
Әрине, Тәліптер билікке келген соң, ондағы қатаң түзімді естіп, біліп отырмыз. Жақында БҰҰ Бас Ассамблеясы отырысында осы елдердің сыртқы істер министрлері ауған әйелдеріне салынған қатаң шектеулерді айыптап, тәліптерді халықаралық құқық талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілікке тарту жоспарын жариялады. Ал елдегі жоқшылық жұртты тарықтырып отыр. БҰҰ деректеріне сүйенсек, 25 миллион, яғни елдің тең жартысы жоқшылық пен аштықта қиналып жатыр. Сол миллиондардың арасында біздің қандас бауырларымыз бар.
Orda.kz ауған жеріндегі қазақтарға хабарласып, хал-жағдайларын сұраған еді. Олар намаз оқымаса сабайтындарын, қазақ болған соң басынатындарын, қыздарды діни киімге орап, білім алуына тыйым салғанын ашық айтқан еді. Толығырақ тілшіміздің мақаласынан оқыңыз.

Айта кетейік, ВВС Ауғанстандағы 15 жасар қыздың сотта ажырасуға қол жеткізіп, жеңгені жайлы ақпарат шығарған болатын. Алайда тәліптер билікке келген соң, күйеуі некені қайта заңдастыру жайлы арыз беріп, жеңіске жетті. Ауғанстанның билігіне келгеніне 3 жыл тәліптер осылайша кәмелеттік жасқа толмаған қыздарды некеден қорғайтын заңды өзгертіп жатыр.
Сонымен қатар Талибан билігі әйелдерге тек ер адамдармен ғана емес, басқа әйелдермен де ашық сөйлесуге тыйым салды.
09 шілде 2025 ж. 199 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031