Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңбыр, бұршақ: бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Жаңбыр, бұршақ: бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Фото: pexels

"Қазгидромет" РМК бүгінге, 8 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, циклон мен оған ілескен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін. Сонымен қатар, батыс пен солтүстікте нөсер жауын жауады. Республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл соғады.
Тек елдің орталығы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік өңірлерде түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі.
Бірқатар өңірлерде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Атап айтқанда, Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу облыстарының көп бөлігінде, сондай-ақ Қарағанды, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында жоғары өрт қаупі бар.
Ал Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Маңғыстау, Қостанай, Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының кейбір бөліктерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Мамандар тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауды, ашық от қолданудан аулақ болуды және ауа райының күрт өзгеруіне дайын болуды ескертеді.

08 маусым 2025 ж. 128 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30