Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Азық-түлік бағасы неше пайызға арзандады?

Азық-түлік бағасы неше пайызға арзандады?

Фото: iStock
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы маусымда тұтыну бағаларының индексі 0,8%-ға төмендеген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жаздың алғашқы айларында бағасы айтарлықтай төмендеген азық-түліктер қатарында:
қияр – 19,5%-ға
орамжапырақ – 18,1%-ға
қызанақ – 15%-ға
сарымсақ – 8,4%-ға
банан – 3,4%-ға
жұмыртқа – 3%-ға арзандаған.
Сонымен қатар, бірқатар тауарлар қымбаттаған:
балмұздақ – 1,9%-ға
йогурт – 1,6%-ға
жаңғақ – 1,5%-ға
рулет пен кекс – 1,3%-ға
кондитер өнімдері мен салқын сусындар – 1%-ға,
шұжық пен сарделька – 0,9%-ға қымбаттаған.
Қызмет көрсету саласында да өзгерістер тіркелді:
ыстық су тарифі 6,2%-ға төмендеді.
фотоқызметтер – 3,3%-ға,
мерекелік шараларды ұйымдастыру – 2,8%-ға,
теледидар жөндеу – 2,4%-ға,
тұрғын үйге техникалық қызмет көрсету – 1,4%-ға,
сұлулық салондарының қызметтері – 1,3%-ға өсті.
Жылдық көрсеткіш бойынша:
қарақұмық – 9%-ға,
күріш – 8,3%-ға арзандады.
Ал алмұрт – 11,3%-ға, 
консервіленген жүгері – 10,8%-ға, 
шырындар – 10,4%-ға қымбаттады.
Азық-түлік емес тауарларының ішінде блендер бағасы 7,8% өсті.
2024 жылғы маусыммен салыстырғанда өткен маусым айында кабельдік телевизия қызметтері 2,2% жоғарылаған.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі.
02 шілде 2025 ж. 352 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 107

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031