2025 жылдың шілдесінде қандай салық есептілігін тапсыру керек

Алматының мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылдың шілде айының төлемдер мен мерзімдер туралы салықтық күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Салық есептілігі бойынша
8 шілдеге дейін
701.00 нысаны – 2025 ж. заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша ағымдағы төлем.
15 шілдеге дейін
400.00 және 421.00 нысандары – 2025 ж. мамыр айына акциз бойынша декларация және салық салуға қатысты құрылымдық бөлімшелер немесе объектілер бойынша есеп.
21 шілдеге дейін
328.00 нысаны – 2025 ж. маусым айына тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.
Төлемдер бойынша
8 шілдеге дейін
2025 ж. заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша ағымдағы төлем.
21 шілдеге дейін
2025 ж. маусым айына ЕАЭО-да ҚҚС;
2025 ж. маусым айына акциз, ЕАЭО-дан импортталған тауарларды қоса алғанда.
25 шілдеге дейін
2025 ж. шілде айына КТС бойынша аванстық төлемдер;
2025 ж. маусымда төленген табыстардан төлем көзінен ұсталған КТС, ЖТС;
2025 ж. маусымда төленген табыстардан ЖТС;
2025 ж. маусым айына арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып жүзеге асатын арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің табыстарынан ЖТС;
Жер учаскелерін пайдалану үшін, радиожиілік спектрін пайдалану үшін, сыртқы (визуалды) жарнама орналастырғаны үшін ағымдағы төлемдер;
2025 ж. маусым айына бірыңғай төлем, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС бойынша жарналар мен аударымдар, МЗЖ, МКЗЖ, ЖБМЗЖ.
Бұған дейін Таразда кортеж ұйымдастырған мектеп түлектері жауапқа тартылғаны хабарланған болатын.