Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін кей өңірде жаңбыр жауса, кей өңірде қатты ыстық болады

Бүгін кей өңірде жаңбыр жауса, кей өңірде қатты ыстық болады

Photo by Lhar Capili on Unsplash
Синоптиктер 29 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан аумағында ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында қатты жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін», - делінген хабарламада.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл болады.
Алматы облысының оңтүстігінде, батысында, Ақмола облысының солтүстік-батысында, Жамбыл облысының шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі болады.
Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында, Актөбе облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болады.
Астанада құбылмалы бұлтты болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +20...+22°C болады.
Алматыда аспан ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жеңіл жел – 3-8 м/с. Температурафоны: түнде +18...+20°C, күндіз ауа температурасы +31...+33°C дейін ыстық болады.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Орташа жел – 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +31...+33°C дейін ыстық болады.
29 маусым 2025 ж. 367 0

Сөз төркіні тереңде

19 қыркүйек 2026 ж. 65

Дара болмысты дәрігер

19 қыркүйек 2026 ж. 69

Тұрғындар тілегі тыңдалды

19 қыркүйек 2026 ж. 65

Қысқа қам қалай?

19 қыркүйек 2026 ж. 64

Мерекелік қабылдау өтті

19 қыркүйек 2026 ж. 64

Жарық пен көпір бақылауда

19 қыркүйек 2026 ж. 65

Өнерді өнеге еткен ісмер

19 қыркүйек 2026 ж. 50

Болашағы зор бастама

19 қыркүйек 2026 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930