Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қай өңірде жаңбыр жауады: жексенбі күнгі ауа райы болжамы

Қай өңірде жаңбыр жауады: жексенбі күнгі ауа райы болжамы

Фото: MChe Lee / unsplash
Кей облыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады. Синоптиктер 8 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Циклонға және соған байланыстыатмосфералық фронтальды ағындар әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр, батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ, ҚР батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Тек елдің орталығы мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады», - делінген хабарламада.

ҚР солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.

Маңғыстау, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, шығысында, Қостанай облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Павлодар облысының солтүстік-шығысында-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында, Түркістан облысының орталығында, Абай облысының батысында, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, тау бөктеріндегі аудандарда, Жамбыл облысының батысында, шығысында, таулы аудандарында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Қостанай, Абай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада құбылмалы бұлтты, күн күркіреп, найзағай ойнайды, өткінші жаңбыр, бұршақ жауады, жел жылдамдығы 9-14, екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +19...+21°C болады.

Алматыда құбылмалы бұлтты, қысқамерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел жылдамдығы 3-8, найзағай кезінде екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +27...+29°C болады.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +33...+35°C болады.


08 маусым 2025 ж. 153 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30