Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын жаңа жол салынбақ

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын жаңа жол салынбақ

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Моңғолияда Жолдар және көлік министрі Борхуугийн Дэлгэрсайханмен кездесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Фото: canva
Тараптар Қазақстан мен Моңғолияның тығыз географиялық байланысына назар аударып, теміржол және автокөлік, азаматтық авиация, сондай-ақ автожол инфрақұрылымын дамыту сияқты өзекті ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
"Әсіресе министрлер "Қазақстан-Ресей-Моңғолия" автожолын салу жобасына ерекше назар аударды. Бұл жоба екі ел арасындағы жол қашықтығын 800 шақырымнан астамға қысқартып, өзара тауар айналымын 500 млн АҚШ долларына дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді", − деп жазылған ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Автомобиль және теміржол жүк тасымалы салаларындағы оң динамика байқалады. Кездесуде қазақстандық астық және майлы дақылдар, сондай-ақ локомотивтер мен жолаушылар вагондарын қоса алғанда көлік машина жасау өнімдерін жеткізу арқылы экспорттық-импорттық тасымалдарды арттыру мәселесі де талқыланды.
Қазақ тарапы бірлескен жобаларды іске асыру Моңғолияға Транскаспий халықаралық көлік бағдарына және Қазақстан аумағы арқылы өтетін ірі еуразиялық логистикалық дәліздерге шығуға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Сонымен бірге, екі ел министрлері биылғы шілде айында Қытайда Қазақстан, Моңғолия және Ресей көлік министрлерінің үшжақты кездесуін өткізуге дайын екендіктерін растады.
Азаматтық авиация саласында тараптар Астана-Өлгий-Ұлан-Батыр бағытындағы тікелей рейстер географиясын кеңейтуге дайын екенін айтты. Бұл іскерлік және гуманитарлық байланыстардың дамуына ықпал ететін болады.
28 маусым 2025 ж. 155 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30