Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде неке қию үшін ең танымал ай белгілі болды

Елімізде неке қию үшін ең танымал ай белгілі болды

Ең жоғары көрсеткіш 2016 жылы тіркелген – 16,9 мың неке.
Фото: pexelФото: pexel
2015-2024 жылдар аралығындағы деректерге сәйкес, Қазақстан Республикасында некенің көпшілігі тамыз айында тіркеліп келеді. Соңғы он жылда бұл айда орта есеппен жыл сайын 14,9 мың неке қиылған. Ең жоғары көрсеткіш 2016 жылы тіркелген – 16,9 мың неке, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
2015 пен 2022 жылдар аралығында шілде мен қыркүйек те неке қию үшін жиі таңдалатын айлардың қатарында болды. Алайда соңғы екі жылда қыркүйекке қарағанда маусым айы басым түскен. Мәселен, 2024 жылы маусымда 11,6 мың, ал қыркүйекте 10,8 мың неке тіркелген.
Осылайша, 2023 жылдан бастап маусым, шілде және тамыз айлары неке тіркелетін ең танымал айларға айналды.
Ең аз неке саны қаңтар айында тіркелген – соңғы он жылдың ішінде бес рет дәл осы ай ең төменгі көрсеткішке ие болған. Мамыр да неке саны бойынша төмен деңгейде қалып келеді.
Соңғы он жылдағы ең төменгі айлық көрсеткіш 2020 жылдың сәуірінде, пандемия кезінде тіркелді – ол кезде барлығы 3,8 мың неке ғана қиылған.

27 маусым 2025 ж. 220 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 134

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 125

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031