Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отбасын қолдау – маңызды міндет

Отбасын қолдау – маңызды міндет

Ауданда отбасын қолдау орталығының ашылғанына 2 жылға жылға жуықтады. Отбасылық саясатты жүйелі түрде жүзеге асыру мақсатында «Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» жанынан ашылған орталықта өмірлік қиын жағдайға тап болған жандар қолдау тауып жүр. Мұнда мамандар қоғамның әлеуметтік осал топтарымен қатар жұмыссыз, заңгерлік кеңеске мұқтаж, отбасында өзара мәміле жоғалтқан жандармен кешенді жұмыс жасап, оларға жан-жақты көмек көрсетеді. Жалпы айтқанда, орталықтың атқарар қызметі ауқымды.
Орталықта 13 қызметкер жұмыс істейді. 1 директор, 2 құрылымдық бөлімше басшысы, 1 бас есепші және мемлекеттік сатып алу менеджері, 4 әлеуметтік қызметкер, 1 психолог, 2 заңгер, 1 бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен жұмыс маманы, сондай-ақ 1 халықпен профилактикалық жұмыс маманы. Аты айтып тұрғандай, әр қызметкердің өзіне тән міндеттері мен жауапкершіліктері бар. Ал арнайы құрылған мобильді топқа өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды ерте анықтау және қолдау көрсетуді ұйымдастыру жүктелген.
Аталған құрам Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы № 256-НҚ бұйрығымен «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидалары» бекітілген бұйрығы бойынша қолдауға мұқтаж жандарға қолғабыс жасайды. Мобильді топтың құрамына аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен аудандық отбасын қолдау орталығының басшылары, үйлестірушілері және ұйымдастырушылары бар.
Отбасын қолдау орталығына қаржылық қиындыққа ұшырап, консультативтік кеңес алуға келетіндердің қатары қалың. Бұл ретте орталық мамандары шығындарды шектеуге үйретіп қоймай, қарыздан құтылудың жолын қарастырып, мәселені «Amanat» партиясымен бірлесе «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында шешуді жүзеге асыруда.
– Несие төлеу мерзімін 90 күннен асырған немесе қаржылық алаяқтықтың құрбаны болған азаматтарды (азаматша) «Аманат» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасына қатыстырып, азаматтардың атына алынған несиелерін қайта қарап немесе оларды банкроттық деп тану туралы жұмыстарды ұйымдастырып келеді. Осы уақыт аралығында орталық арқылы жүгінген 137 азаматтың азаматтың тиісті құжаттары рәсімделіп, партияға ұсынылды, – дейді аудандық отбасын қолдау орталығының директоры Нұркен Сералиев.
Жасыратыны жоқ, аудандағы кей тұрғынның жалпы білім деңгейі мен қаржылық сауаттылығы жеткіліксіз. Қалай жоққа шығарғымыз келсе де, солай екенін мойындауға мәжбүрміз. Дегенмен тұрғындар орталық мамандарының жүйелі жұмысының арқасында қаржылық мәдениетін көтеріп, қаржы пирамидалары мен алаяқтыққа қарсы тұру қабілетін арттырып келеді. Бұл бағыттағы жүйелі әрі тұрақты шаралар тұрғындардың қауіп-қатерден сақтандырылуына сеп болып жатқаны сөзсіз.
Иә, қаржылық білім беруді арттыру, әлеуметтік қолдауды күшейту және ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету өте маңызды. Мамандар бұл міндеттерді де басшылыққа алып, мардымды жұмыстар атқаруда. Мәселен, егде жастағы адамдардың алаяқтарға алданбаудың алдын алу үшін ай сайын 6 кездесу өткен. Сондай-ақ, жыл басынан бері орталық пен аудандық полиция бөлімімен бірлесе Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және ауылдық округтердегі (Басықара, Құмжиек, Қарашеңгел, Мұратбаев, Сарыкөл) білім беру ұйымдарында құқық бұзушылық, буллинг, есірткі, лудомания, вейп темекі және интернетке тәуелділіктің алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесулер ұйымдастырылған.
Ал құзырлы орган қызметкерлерімен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 38 іс-шара өткізсе, аудан тұрғындарының қатысуымен 8 кездесу ұйымдастырған.
Жоғарыда айтқанымыздай, орталық қызметкерлері ұсынатын қолжетімді және сапалы көмек бір ғана бағытты қамтымайды. Орталық қызметіне жүгінген азаматтар психологиялық және құқықтық та кеңес ала алады. Қолдауға мұқтаж жандарға барлық мүмкіншілікті жасап отырған орталық мұндай көмек түрлерін акция аясында көбірек көрсетеді. Тоқсанына бір рет ұйымдастырылатын «ашық есік күнінде» 18 азамат мамандардың кеңесіне жүгініп, сауалдарына жеткілікті деңгейде жауап алған.
Мұндағы мамандардың айтуынша, бұл акциялар қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге, сондай-ақ көмекке мұқтаж жандарға мейлінше қолдау көрсетуге бағытталған. Орталық осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізу арқылы нақты нәтижеге жетуді көздейді.
Бұдан бөлек 34 азамат орталық басшысының қабылдауына жазылып, жеке мәселелері бойынша жүгінген. Тұрғындарды тыңдаған орталық директоры Нұркен Сералиев оларға заң шеңберінде жауап беріп, тиісті шараларды дер кезінде шешуге тырысты. Яғни, 1 азаматтың құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетілсе, 1 азаматқа кәсібін ашуға жағдай жасалған. 5 азаматқа тұрақты және уақытша жұмысқа орналасуға жәрдем берілген. Сондай-ақ 101 отбасы тұрмыстық жағдайына сәйкес түрлі қайырымдылық көмек алған.
– Біздің орталық тек кеңес беріп қана қоймай, жыл бойы отбасылармен байланыста болып, олардың қиын жағдайдан шығуына көмектеседі. Барлық мемлекеттік органдармен ортақ мақсатта жұмыс жүргіземіз. Біз отбасыларға барынша кешенді түрде көмек көрсетуге тырысамыз, – деді отбасын қолдау орталығының директоры Нұркен Сералиев.
Біз баян еткен орталық жұмысы осындай. Дегенмен бұл мекеменің міндетін жете түсінбейтінде қатарымызда жетіп артылады. Тіпті мамандардың көмегіне жүгінуге жүрексінетіндер де арамыздан табылады. Алайда бұл орталықтың қоғам үшін маңызды екенін қаперіңізге салғымыз келеді. Мұндағы білікті мамандар сіздің толыққанды тұлға болуыңызға қолдау көрсетуге қашан да әзір. Сондықтан қоғамда қалыптасқан қасаң қағидамен қатып қалмай, кемел келешекке сүйемелдейтін орталыққа сенім білдіру керек-ақ...
Айта кетейік, аудандық отбасын қолдау орталығы Әйтеке би кентіндегі Қаражан Сансызбаев көшесі №2 мекен-жайында орналасқан. Орталық есігі көмекке мұқтаж жандарға әрдайым айқара ашық.
Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
28 маусым 2025 ж. 235 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 146

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 138

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930