Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылулық сыйлаған орталық

Жылулық сыйлаған орталық


Қазақ қашанда жесірін қаңғыртпаған, жетімін жылатпаған халық. Соңғы уақыттары аналарға қатысты зорлық-зомбылық жайттары көбейгендіктен мемлекет тарапынан отбасын қолдау орталықтары ашыла бастады. Өткен жылдың шіліңгір шілдесінде Қазалы ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген «Қазалы ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» жанынан «Отбасын қолдау» орталығы ашылған болатын. Жаңадан іске қосылған бөлім күз айында Қ.Сансызбаев атындағы №2 көшесінде орналасқан ғимаратқа көшірілді.
Отбасын қолдау орталығының мақсаты – қиын жағдайларды жеңу және жеке ынтасын күшейту. Әлжуаз топтарды қолдайтын мемлекеттік деңгейдегі орталық әлеуметтік кеңестер бағытындағы кешенді бағдарламаларды жүзеге асыруда бірнеше арнаулы әлеуметтік қызметті көрсетеді. Атап айтқанда, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын жақсарту және көпбалалы аналардың қиын жағдайларды еңсеруде ынтасын арттыру, оның жеке қаржылық жағдайын түзеу. Кәсіптік, кәсіпкерлік бағыт-бағдар беретін қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру, курстарға жіберу және курстарды аяқтағандығы туралы сертификаттар беріледі. Сонымен бірге жұмысқа бейімдеу, мұқтаждығына қарай түрлі сала мамандарының жауаптылығы бойынша ұсыныстар ұсынылады. Мұқтаж аналардың өзекті мәселелері бойынша тиісті мекемелермен кездесу ұйымдастырылады. Психологиялық, әлеуметтік және құқықтық кеңес беріледі. Жеке жоспарға сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар, уақытша болу және тұру кезеңінде қызметтер көрсету арқылы қорғауды және жан-жақты көмек көрсету қамтамасыз етіледі. Бүгінде орталықта отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандарға уақытша көмек көрсету бойынша 3 орындық төсек-жабдықпен қамтамасыз етілген.
– Қазір Әйтеке би кенті бойынша тұрмысы төмен 724 отбасының тұрмыстық әл-ауқаты тексерілді. Оларға алдын ала зерттеу-зерделеу актісі жасалды. Оның ішінде, 252 тұрмысы төмен, 188 көпбалалы отбасы, 284-нің тұрмысы орташа яғни, әлеуметтік көмекті қажет етпейді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке құжаттарын дайындауға орталық қызметкерлері жәрдемдесіп келеді. Осы күнге дейін 25 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Сонымен қатар «Отбасын қолдау» орталығының қызметкерлері Әйтеке би кентіндегі тұрмысы төмен, жалғызбасты Дүйсенбек Ташамановтың үйіне әктеу-сырлау жұмыстарын жүргізді. Бұған қоса жеке кәсіпкердің демеушілігімен азық-түлікпен көмек көрсетілді, – дейді «Отбасын қолдау» орталығының директоры Ахметулла Аманов.
«Отбасын қолдау» орталығының ұжымы және жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен Әйтеке би кентіндегі 15 тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыға 375 мың теңге көлемінде азық-түлікпен және қаржылай көмек жасалды. Қазалы аудандық қоғамдық даму мен ішкі істер, білім бөлімі және орталық мешіт имамдары атсалысқан 28 іс-шара ұйымдастырылды. Бұдан бөлек ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Мархабат Бегалиева және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Сәуле Бишекова, «Қазалы аудандық қоғамдық даму» бөлімінің теолог маманы Дәулет Дарханұлының қатысуымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық және нөлдік төзімділікті қалыптастыру», «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» атты семинарлар өткізілді. «Отбасын қолдау» орталығының әлеуметтік парақшаларында тұрақты жариялануда. Орталық мамандарының ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясына орай видео ролик түсірілді.
Жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен 17 тұрмысы төмен, аз қамтылған және көпбалалы, жалғызбасты аналар «Тігін», «Шаштараз», «Бет әрлеу» сынды қысқа мерзімді курстық оқудан өтті. Оларға сертификаттар берілді. Бұл құжат арқылы алдағы уақытта мемлекеттік қайтарымсыз несие алып, өз кәсіптерін дамытуына мүмкіндік береді.
Мамандардың айтуынша, биыл бірінші жарты жылдыққа алдын ала іс-шара жоспары бекітілген. Осы ретте оңтайлы жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 15 қаңтарынан бастап, «Отбасын қолдау» орталығының қызметкерлері Әйтеке би кентіндегі 523 аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасына зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінге дейін орталық қызметіне 45 отбасы жүгінген.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

30 қаңтар 2024 ж. 294 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930