Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркия криптовалюталарға бақылауды күшейтеді

Түркия криптовалюталарға бақылауды күшейтеді

Түркия билігі заңсыз бәс тігу, алаяқтық және заңсыз ақшаның шетелге шығарылуын тоқтату мақсатында цифрлық активтерге бақылауды күшейтіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігі. 
Фото: ninjanews.io
Түркияның Қаржы министрі Мехмет Шимшек криптовалюта платформалары арқылы ақшаны жылыстатуға қарсы бағытталған жаңа ережелердің енгізілгенін хабарлады.
Басты өзгерістер мыналарды қамтиды:
Криптобиржаларға қатаң бақылау. Ел аумағында жұмыс істейтін барлық платформалар қаржы көздері мен аударым мақсаты туралы ақпаратты жинап, тексеруге міндетті. Бұл талапты орындамаған жағдайда лицензиядан айырылады.
Қаражатты шығару мерзіміне шектеу. Криптовалютаны аудару кезінде міндетті кідіріс енгізіледі: жаңа аккаунттар үшін кемінде 72 сағат, қалғандары үшін сатып алу немесе қаражаттың түскен уақытынан бастап 48 сағаттан ерте емес.
Стейблкоиндерге лимит. Долларға байланған криптовалюталарға (мысалы, USDT немесе USDC) тәуліктік лимит — $3 000, айлық лимит — $50 000 көлемінде белгіленді.
Лимиттен асатын аударым жасау үшін пайдаланушы өзі және қаражат алушы туралы толық ақпарат — аты-жөні, мекенжайы, туған күні және басқа деректерді ұсынуы тиіс.
Рұқсат етілген ерекшеліктер: лицензияланған трейдерлерге қолданылады. Ресми платформаларда жұмыс істейтін кәсіби пайдаланушылар мен трейдерлер қаражат көзі расталған жағдайда шектеусіз операциялар жүргізе алады.
Министр Шимшектің айтуынша, бұл шаралар адал пайдаланушыларға кедергі келтіру мақсатында емес.
— Біз адал қолданушыларға тосқауыл қоюды көздемейміз. Бірақ заңсыз табысын жасырғысы келетіндерге жол бермеуіміз керек. Бұл қаржы жүйесін қорғауға бағытталған шара, — деді министр.
Аталған талаптар ел экономикасының тұрақтылығын нығайту, қаржылық ашықтықты күшейту және ақшаны жылыстатуға қарсы халықаралық стандарттарға бейімделу аясында қабылданған.
Сонымен қатар, Түркия экономикасы бірнеше жылдық жоғары инфляция мен ұлттық валютаның құнсыздануынан кейін біртіндеп теңгерімді өсу моделіне көше бастағанын көрсетіп отыр.
Бұған қоса, Түркиядағы дата-орталықтар нарығы Парсы шығанағы елдері мен басқа да мемлекеттерден келіп жатқан инвестициялар аясында белсенді даму кезеңіне өтті.
Айта кетелік Түркияның медициналық туризм саласындағы табысы артып келе жатқаны туралы жазған едік. 
25 маусым 2025 ж. 142 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30